Фарида Манапқызы жастайынан еңбекке араласып, өнегелі қызмет үлгісін көрсетіп, саналы ғұмырын мұнай-газ саласынының дамуына арнады. Тағдыр тарту еткен қиындықтар келсе де қасқайып қарсы тұрып, мойымастан ортамызға қайта оралды. Қайсарлық пен табандылық танытып өзіне тапсырылған міндетті абыроймен атқарып келді. Кәсіби біліктігімен қызметке үлкен жауапкершілікпен қарауы - өз ісіне деген сүйіспеншілік сыңайлы. Үлкен-кішімен бірдей тіл табысып, ұжымда сыйлы болуы бойындағы кішіпейілділіктің көрінісі іспеттес. Осы ретте сізге ұжым атынан зор алғыс білдіреміз!
"Әлеуметтік саясат және шаруашылықпен қамту бөлімінің" бастығы С. Аманғали арнайы ұжым атынан алғыс хат табыстып, естелік үшін гүл шоғын табыстады.
Құрметті Фарида Манапқызы, Сізді келіп жеткен қуанышыңызбен құттықтай отырып, шаңырағыңыздан қуаныш үзілмей, берекеңіз арта берсін дейміз. Нұрлы ғұмырдың иесі атанып, өмір жасыңыз ұзақ болсын! Аналық бақытыңыз еселене берсін!
Игі тілекпен: "ӨзенМұнайСервис" ЖШС ұжымы.