ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНА ШЫҚТЫ 27.09.2021 00:00
"ӨзенМұнайСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкері С.Сапақов 63 жасқа толып, зейнет жасына шықты.
Серіктестік басшылығы атынан мамандар мерейтой иесін қуанышымен арнайы құттықтап қайтты.
С.Сапақов - ұзақ жылдар бойы мұнай саласын игеру жолында абыройлы еңбек еткен тұлға. 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап ол денсаулығына байланысты қызметтен үзіліс алған.
Арнайылап барған серіктестік қызметкерлері еңбек ардагерінің халін біліп, мерейтойына орай ақжарма тілектерін арнады. Ұжым атынан сый-сияпат табыстап, еңбегі үшін зор алғыс білдірді. Өз кезегінде ардагер ұжымдастарына ерекше ризашылығын айтып, ыстық ықыласын жолдаған.