
"ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінде тағы бір азамат еңбек ардагері атанып, зейнет демалысына жолдама алды.
5 дәрежелі бұрғышы Сүгір Тұранов 1998 жылдан бастап серіктестікте абыройлы еңбек етіп келе жатыр. Мұнай-газ саласында жалпы еңбек өтілі 31 жылды құрайды.
Зейнеткерлікке шыққан ардагер маманды ұжым атынан басшылық тарап арнайы құттықтап, сала дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Гүл шоқтарын ұсынып, сый-сияпат табыстады.
Өз кезегінде еңбек ардагері "ӨзенМұнайСервис" компаниясына ризашылығын жеткізді.