
ЗЕЙНЕТКЕРЛІККЕ ЖОЛДАМА
“ӨзенМұнайСервис” ЖШ Серіктестігінде тағы бір азамат еңбек ардагері атанып, зейнет демалысына жолдама алды.
Автотізбектің 5 дәрежелі мұнай газ кәсіпшілік жабдықтарға қызмет көресту агрегатының машинисті Садыков Амантурды ұзақ жылғы Мұнай-газ саласында 31 жыл 4 ай уақыт еңбек етіп зейнеткерлікке шықты.
Зейнеткерлікке шыққан ардагер маманды ұжым атынан, басшылық тарапынан арнайы құттықтап, сала дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Гүл шоқтарын ұсынып, сый-сияпат табыстады.
Өз кезегінде еңбек ардагері “ӨзенМұнайСервис” компаниясына ризашылығын білдіріп, ұжымдастарға тілегін жолдады.