«ӨЗЕНМҰНАЙСЕРВИС» ЖШС - ЖАҢАШЫЛДЫҚ ПЕН ИННОВАЦИЯНЫ ҚОЛДАЙТЫН КОМПАНИЯ 20.06.2017 15:38
Жас мамандар күніне орай Атырау қаласында өткен ғылыми байқаудың қатысушыларын "ӨзенМұнайСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Нұрсейт Союнов жүлделі орындарымен құттықтады. Атырауда өткен ғылыми жобалар сайысына қатысқан Дәулет Нөкеров пен Асқар Утесовке "ӨзенМұнайСервис" ЖШС ұжымы атынан естелік сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, жиын барысында компиания имиджін қалыптастыруға үлес қосып жүрген жас мамандарға арнайы кәдесыйлар табысталды.