![]()
14 қараша күні еліміз бойынша қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпби бойынша алғашқы жалпыхалықтық диктант жазу шарасы өткізілген болатын. Аталмыш шараға «ӨзенМұнайСервис» ЖШ серіктестігінің мамандары да ұжымшылдықпен атсалысты.
![]()
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып отырған бастама болғандықтан шараны өткізу еліміздің барлық ұйымдарына міндеттелген. Шараның негізгі мақсаты жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиіне дағдыландыру болып отыр.
![]()