
"ӨзенМұнайСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Мұнайшылар" мерекесіне орай әйелдер арасында 40 жасқа дейінгі және одан жоғары жас арасында 100 м қашықтыққа жарыс өткізді.
Нәтижесінде, 40 жасқа дейінгі жас категориясы бойынша І орынды Инкарова Саида, ІІ орынды Өтебай Бұлбұл иемденді.
40 жастан асқан қатысушылар арасында мәре сызығын алғаш кескен Чанбаева Гульзия сайыстың бас жүлдесін қанжығасына байлады. ІІ орынға Рамазанова Нургул, ІІІ орынға Бисенбиева Жансұлу лайық деп танылды.
Сайыс жеңімпаздарына сый-сияпат тарту етілді.