Жаңаөзен қалалық коалициясының ақпараттық-түсіндіру тобы «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесуді серіктестік директоры Дамир Шырақбаев ашып, алғы сөз сөйледі. Ол жаңа Конституцияның ел дамуы үшін маңыздылығын атап өтіп, ұжым қызметкерлерін қоғамдық маңызы бар іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.
Іс-шара барысында Жаңаөзен қалалық коалициясының төрағасы Темір Мусаев жаңа Конституцияның азаматтардың өміріне елеулі өзгерістер әкелетін маңызды құжат екенін атап өтті. Спикерлер Ата Заңның адам құқықтарын қорғауға бағытталған негізгі қағидаттары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Өз сөзінде Темір Мусаев жаңа Конституцияның 3-бабында адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық басымдығы ретінде айқындалғанын жеткізді. Бұл өз кезегінде адами капиталдың ел дамуы үшін табиғи ресурстардан да жоғары бағаланатынын көрсетеді.
Кездесуге коалиция мүшесі Майлыбай Өтебаев пен мұнай-газ саласының ардагерлері де қатысып, еңбек ұжымына референдумға қатысудың еліміз бен халықтың болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.
#референдум2026
#жаңаКонституция