
Жаңаөзенде өткен “Бабамның төрі – Байтағым” атты республикалық ақындар айтысында “ӨзенМұнайСервис” ЖШС қызметкері, Жас мамандар кеңесінің мүшесі Абай Жолмағанбетов бас жүлдені жеңіп алды! Ақынның суырыпсалма шеберлігі, терең ойлы жырлары көрерменнің де, қазылар алқасының да жоғары бағасына ие болып, ол автокөлік тізгіндеді.
Бұл айтыс – тек ақындардың жарысы ғана емес, ұлттық руханиятымыздың үлкен мерекесі болды. Сөздің қадірін білген халқымыз үшін айтыстың мәртебесі әрдайым биік. Осындай дүбірлі додалар қазақ сөзінің құдіретін асқақтатып, айтыс өнерінің дамуына үлес қосатыны сөзсіз.
Жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз!
Айтыс өнері жасай берсін, қазақтың сөзі өлмесін!
instagram: @kmgoms / видео сілтеме бойынша