🗣Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың ғылым мен білімге деген қызығушылығын арттырудың маңызына ерекше мән беріп, зерделі әрі зияткер ұрпақ тәрбиелеу — баршаға ортақ міндет екенін атап өткен болатын.
📍Жаңаөзен қаласында салынған «Болашақ сарайында» осы міндет үдесінен шығады. Бүгінде жүздеген бала үйірмелерге тегін қатысып, түрлі бағытта білім алып жатыр. Олар бос уақытын тиімді өткізіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуда. Жалпы, бір күнде орталық 1,5 мың оқушыны қабылдай алады.
📚Мұнда вокал, қолөнер, хореография, көркем гимнастика, шахмат, шет тілі, физика және робототехника үйірмелері жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта классикалық және халықтық аспаптар, тігін және дизайн, жас құтқарушылар мен мультимедиа үйірмелері ашылмақ.
▪️Жаңартылатын энергия көздері, қолданбалы және жаратылыстану ғылымдарына баулитын зертханалар, бейнелеу өнері студиясы, хореография, актерлік шеберлік, журналистикаға арналған телестудия мен ағаш шеберханасы жұмыс істейтін болады.
▶️Толығырақ «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы дайындаған сюжеттен көре аласыздар.
📱 ҚазМұнайГаз