«ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ, «Жөндеу» ЖШС қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті және «Шаңырақ» жергілікті кәсіподағы арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған Ұжымдық келісімшарт қабылданды.
Жұмыс беруші және Кәсіподақтар комитеті мүшелерінен құрылған комиссияда Ұжымдық келісімшарт жобасы қаралып, құжат бекітілді.
Жаңа ұжымдық келісімшартқа «ӨзенМұнайСервис» ЖШС директоры Қанағат Мыңтұрғанов және Кәсіподақ төрағалары қол қойды.
Бекітілген ұжымдық келісімшарт жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғауды күшейтуді көздейді. Негізгі құжат алдағы үш жылға арналған.