10 желтоқсан күні "ӨзенМұнайСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен спартакиада ойындары өткізілді. Қызметкерлер бақ сынаған додада қатысушылар арқан тарту, гір тасын көтеру, үстел теннисі және шағын футбол секілді спорт түрлерінен жарысқа түсті.
![]()
16 желтоқсан ҚР-ның Тәуелсіздік күніне арналған шарада шағын футболдан І орынға №1 цеx, ІІ орынға №3 цеx лайық деп танылса, ІІІ орынды "ӨзенМұнайСервис" аппарат басқармасы жеңіп алды. Ал гір тасын көтеруден І орынға А.Бисенов, ІІ орынға Т.Еңсепов, ІІІ орынға Қ. Абылғазиев ие болды.
![]()
Спорттық бәсекеде қыздар арасында өткен үстел теннисінен І орынды А.Алдабергенова, ІІ орынды Г.Мыңбаева алса, ІІІ орын Ә. Абилкадированың еншісіне бұйырды. Арқан тартыстан №3 цеx жігіттері үздік атанса, №2 цеx командасы ІІ орынға, Өндірістік қамту базасының намысын қорғаған ойыншылар ІІІ орынға тұрақтады.
![]()
#Қазақстан #Маңғыстау #Жаңаөзен #ҚазМұнайГаз #Өзенмұнайгаз #Өзенмұнайсервис #ӨМС #ӨМГ #KMGEP #OMS