
Жаңаөзенде "Жыл үздігі-2017" V қалалық жастар сыйлығының иегерлері анықталды. Аталмыш сыйлық бойынша қала дамуына атсалысып, өркендеуіне септігін тигізіп отырған әр түрлі сала мамандары бақ сынасты. Жыл бойына үздіксіз еңбек етіп, үлгілі қызметімен ерекше көзге түскен қызметкерлер Жаңаөзен қаласы әкімінің алғыс xатымен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін сайыста "Үздік жас мұнайшы" номинациясын "ӨзенМұнайСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шебері Орынбасар Сейдов жеңіп алды.
#Қазақстан #Маңғыстау #Жаңаөзен #ҚазМұнайГаз #Өзенмұнайгаз#Өзенмұнайсервис #ӨМС #ӨМГ #KMGEP #OMS #ЖасМаман