Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ ЖАҢАӨЗЕНДЕ КИБЕР СПОРТ ТҮРІНЕН ТУРНИР ӨТТІ

ЖАҢАӨЗЕНДЕ КИБЕР СПОРТ ТҮРІНЕН ТУРНИР ӨТТІ

« Назад

ЖАҢАӨЗЕНДЕ КИБЕР СПОРТ ТҮРІНЕН ТУРНИР ӨТТІ 12.09.2017 00:32

«Counter strike» ойынына «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысшыларынан құралған 7 команда қатысып, бақтарын сынады, - деп хабарлайды «ӨзенМұнайСервис» әлеуметтік саясат және шаруашылықпен қамту бөлімі. Шара «Өзен» кен орны скважиналарын күрделі жөндеуге 45 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

«ӨзенМұнайСервис» мекемесінің геймерлері «Counter strike» бойынша турнирге қатысты. Жалпы алғанда кибер спорттың 5 түрі бойынша жарысуға болады. Солардың бірі – «Counter strike».

Алмат Тулекбаев, «ӨзенМұнайСервис» серіктестігінің жас маманы және жарыстың бас төрешісі: - Бізде бұрын соңды болмаған бірінші ауқымды кибер спорт турнирін ұйымдастырып отырмыз. Әлем елдерінде киберспорт тек жастардың ғана емес, үлкендердің де сүйікті ойыны болып есептеледі.

Жарыстың жеңімпазы Кудас Нұрбол бастаған «Цех №1» командасы болды, екінші орын – Есказиев Серіктің«Цех №3» командасында, үздік үштікті Джанабалиев Бекболдың «Цех №2» командасы жапты.

Жеңімпаздар 28 қыркүйек күні «Өндірістік базада» «Өзен» кен орны скважиналарын күрделі жөндеуге 45 жыл толуына орай өтетін мерекелік шарада диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

_MG_2307


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»