Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ Жарқын болашақ — білім мен өнер жолы

Жарқын болашақ — білім мен өнер жолы

« Назад

Жарқын болашақ — білім мен өнер жолы 09.02.2026 10:00

Жарқын болашақ — білім мен өнер жолы

🎓Жұлдыз Базарбай — Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының тумасы. ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының «Жарқын болашақ» білім беру бағдарламасының грант иегері. Ол Көкшетау қаласындағы ZEINEP жоғары көпсалалы колледжінде «Менеджмент» мамандығы бойынша 2-курста оқиды.

🐎Жұлдыз — жан-жақты дамыған студент. Ол атқа міну мен садақ ату өнерін меңгеріп, түрлі жарыстар мен іс-шараларға белсенді қатысып келеді.

#️⃣Жақсы ат — жанға серік. Садақ ату — мергендік пен шыдамдылықтың нышаны. Осылардың бәрін үйрену маған оңай болған жоқ, — дейді жас мерген.

✔️Жұлдыздың болашақтағы мақсаты — колледждегі оқуын сәтті аяқтап, Алматы қаласындағы AlmaU университетіне өз мамандығы бойынша оқуын жалғастыру. Ол білікті маман атанып, еліміздің дамуына өз үлесін қосуды армандайды.

✔️«Жарқын болашақ» бағдарламасы Маңғыстау өңірінің жастарына сапалы білім алып, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеруге бағытталған. ҚМГ тарапынан оқу ақысын, жатақхана төлемін, жол шығынын төлеуге, жоғарылатылған шәкіртақы алуға және тегін тамақтануға қолдау көрсетіледі.


Видео сілтеме бойынша

 




📱 ҚазМұнайГаз


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»