⚽️ Жартылай финалға сенімді қадам!
ҚазМұнайГаз компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы дәстүрлі спартакиадада ӨзенМұнайСервис ЖШС футбол командасы шын шеберлік пен бірлік көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды!
Әр матчта батылдық, жеңіске деген жігер, ұйымшылдық пен жанкүйерлердің қолдауы айқын сезілді. Команданың әр ойыншысы өз ісінің маманы екенін дәлелдеп, алаңда бар күшін салды.
Бұл жетістік – тек спорттағы емес, рухани бірліктің де жемісі! Жеңіске бастар жолда сәттілік тілейміз!
Алға, ӨзенМұнайСервис!
instagram: @kmgoms / видео сілтеме бойынша
![]()