«ӨзенМұнайСерис» ЖШС Бас директоры Қ. Мыңтұрғанов 2023 жылдың бірінші жартыжылдық (01.01.2023ж. – 30.06.2023ж. кезеңі үшін) қорытындысы бойынша Серіктестіктің жұмысшыларына 6 ай қорытындысына есеп берді.
Есеп барысында еңбекті қорғау тақырыбында, «ҚМГ» ҰК АҚ басшылығының бастамасымен қолға алынып жатқан «ҚМГ өмірлік маңызды қағидалары» жолдауы.
Серіктестік Бас директоры еңбек ұжымын «ҚМГ өмірлік маңызды қағидалары» жолдауымен таныстырып, жолдаудың әрбір тармағына жеке-жеке тоқтала келе, аталған қағидаларды күнделікті жұмыс барысында қолдануды әдетке айналдыру қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, аталған қағидаларды көрнекі түрде басып шығырып, барлық бригадалар мен Серіктестік нысандарына ілу және осы тақырыпта дайындалған бейнероликтерді көрсету арқылы Серіктестіктің барлық жұмысшыларының назарына жеткізу қажеттігін атап өтті.
Жиналыс қортындысы бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Жиналыста, 2023 жылдың І жартыжылдықтың қортындысы бойынша көрсеткіштерімізге тоқталып өтті, атап айтқанда:
1. Жалпы есептік кезеңдегі кәсіпорынның қызметі туралы;
2. Өндірістік-экономикалық көрсеткіштер туралы;
3. Инвестициялық жоспарлар туралы;
4. Серіктестіктегі өндірістің күйі туралы;
5. Еңбек тәртібінің күйі туралы;
6. Оң нәтижелері бар қызметкерлер туралы;
7. Серіктестіктегі өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіби аурулар туралы;
8. Өндірістік көрсеткіштерді орындау үшін сыйақы төлеу туралы;
9. Жұмыс кәсіптерінің қызметкерлерін оқыту, біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау туралы;
10. Әлеуметтік төлемдерді, өтемақылар мен кепілдіктерді ұсыну туралы;
11. Кадрлық мәселелер (персоналды бағалау, кадрлық резервпен жұмысты ұйымдастыру және т.б) туралы;
12. Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер туралы;
13. Ұйымда корпоративтік іс-шаралардың өткізілуі туралы;
14. Мердігер мекемелермен қарым-қатынас туралы;
15. Келіп түскен мәселелер, өткізілген кездесулер, жеке кабылдаулар туралы және келіп түскен мәселелерді шешу барысы туралы хабардар етті.