«ЖАС МАМАНДАР» КЕҢЕСІ 5 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ
Биыл «ӨзенМұнайСервис» ЖШ Серіктестігінің қабырғасында "Жас мамандар Кеңесінің" құрылғанына 5 жыл толып отыр. Осыған орай жастар 13-14 шілде күндері Шетпе кентінің маңындағы «Көгез» этноауылында бас қосты.
Жас мамандар кеңесінің 5 жылдық мерейтойымен қоса, Қазақстан мұнайына 120 жыл толуын, Еңбекті қорғау жылы және елбасымыз жариялаған 2019 жыл – Жастар жылын атап өтті.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-на қарасты еншілес мекемелерінің жас мамандары шақырылған басқосу екі күнге созылды. Шараның басы форуммен бастау алды. Форумда шараға арнайы шақырылған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның әлеуметтік саясат және ішкі коммуникация департаменті директорының орынбасары Калидуллин Қуандық Мәдениетұлы сөз бастап, жастарды аталмыш шараның ашылуымен құттықтады. "Жас мамандар Кеңесіне" биыл жастар жылы болғандықтан үлкен жауапкершілік жүктелетінін айтып өтті.
Сондай-ақ, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары С.Бекмамбетов, директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Б.Базарбаев және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі атқарушы директоры Н.Ермағанбетов сынды басшылар кезегімен сөз алып, жастарға ризашылығын білдірді. Ал форум кезінде Серіктестіктегі ЕҚТҚжҚОҚ бөлімінің бастығы Қ.Абулғазиев баяндама жасап, еңбек қауіпсіздігі жайында сөз қылды. Жастарды еңбекте сақ болуға шақырып, техника қауіпсіздігін сақтауды міндет етті.
Шара кезінде «Жас мамандар Кеңесінің" тарихынан сырт шерткен бейнеролик көпшіліктің назарына ұсынылды.
Ал форумға қонақ ретінде шақырылған ардагер мұнайшы Д.Игилманов еңбек жолы жайлы, қызметтегі төзімділік жайында, кәсіпқой боксшы У.Бисенкулов спорттағы жетістіктері және Жаңаөзен қаласындағы «Бизнес Букет» гүлдер дүкенінің негізін қалаушы, жас кәсіпкер Б.Орысбаев кәсіп бастаудағы қадамдары жайында кеңінен айтып өтті.
Шара барасында қатысушылар табиғат аясына серуендеп, тимбилдинг ойындарын ұйымдастырды. Жастар топқа бөлініп, түрлі тапсырмалардың шешімін іздестірді. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ойнап, кешкісін шараның алауын жақты.
Екінші күні жастар арасында брейн-ринг ұйымдастырылып, тартысты ойынның куәгері болдық. Тимбилдинг, ұлттық ойындар және брейн-рингте қатысып, белсенділік танытқан жастарға кубок табыс етілді.
#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс