"Алаш Орда" мемлекетінің құрылғанына 100 жыл толуына орай Маңғыстау облысы мұнай-газ саласының Жас мамандар кеңестері арасында ІІ спартакиада өткізілді.
Шараға облыс көлемі бойынша 14 мұнай компанияларының жастарынан құралған 8 команда қатысты. "ӨзенМұнайГаз" АҚ Жас Мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен өткен бәсекеде командалар бампербол, садақ ату, бильярд, арқан тартыс және аударыспақ секілді спорт түрлерінен жарысқа түсті.
Үлкен дәрежеде өткізілген аталмыш додада "ӨзенМұнайСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жас мамандары да бақ сынады. Командаға жігіттерден Көптілеуов Талғат, Утесов Асқар, Валиxанов Азимxан, Усербаев Али, Күртікбай Дүйсенғали, Сейдов Орынбасар және ару қыздарымыздан Джайылғанова Нұргүл мен Оразалиева Талшын секілді жас мамандарымыз мүшелік етіп, серіктестіктің намысын қорғады.
Нәтижесінде, садақ атудан өнер көрсеткен Күртікбай Дүйсенғали мен Джайылғанова Нұргүл ІІІ орын иеленді. Ал топтық есепте "ӨзенМұнайСервис" серіктестігінің командасы бамперболдан ІІ орынға лайық деп танылса, арқан тартудан үздік үштікке ілінді (ІІІ орын). Спартакиада соңында ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.