
Бүгін қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрберген Худибаев Орталық Саябақтың мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімділік тұрғысынан бейімдеу мақсатында өз қаражаттары есебінен пандус орнатқан Партия мүшелері, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС жас маманы, НК «ҚазМұнайгаз» жас мамандар кеңесінің логотип және ұранының авторы Сейдов Орынбасар Асамбайұлы және «ӨзенМұнайГаз»АҚ № 3 Мұнай және газ өндіру басқармасының аға шебері, «ӨзенМұнайгаз» жас мамандар кеңесінің негізін құрушы Ногаев Асқар Оралбайұлын Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатын және партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға, еліміздің қоғамдық – саяси өміріне өздерінің үлестерін қосқаны үшін Алғыс хат табыстады.
Сонымен қатар басқосуда Партия ардагері Жауынбай Сәт, Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты Айсұлу Исаева және «Жас Отан» жастар қанатының ЖҚФ төрағасы Ғани Құрманғалиев игі істің бастаушыларына өз Алғыстарын білдіріп, тілектерін жеткізді.
P.S. Материал Жаңаөзен қалалық "Нұр Отан" партиясы филиалының әлеуметтік желі-facebook парақшасынан көшіріп алынды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2309958405950796&id=100008099768011
#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс