Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ ЖАҢА НЫСАННЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

ЖАҢА НЫСАННЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

« Назад

ЖАҢА НЫСАННЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ 07.10.2019 10:19

«ӨзенМұнайСервис» ЖШ серіктестігінде жаңадан бой көтеретін өндірістік қамту базасы ғимаратының алғашқы іргетасы қаланды. Салтанатты шараға Жаңаөзен қаласының әкімі М.О.Ибағаров, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның мұнай-сервис жөніндегі жобалар департаментінің директоры А.К.Шаненова және «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның бас директоры Е.О.Өтеев арнайы қонақ ретінде шақырылып, ұжым мамандары,еңбек ардагерлері және мердігер мекеменің өкілдері қатысты.

JAKO3669

Қызметкерлер игілігіне салынып жатқан заманауи үлгідегі жаңа нысанның негізі қалану шарасында бірінші кезекте «ӨзенМұнайСервис» ЖШС бас директоры О.Н.Тарғыновқа сөз берілді.

«Осыдан үш жыл бұрын «Круз» және «Жөндеу» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің бірігу нәтижесінде «Өзенмұнайсервис» компаниясы құрылған еді. Қос мекеменің міндет-мақсатын біріктіріп, мұнай және газ өнеркәсібіне озық үлгідегі сервистік қызмет көрсететін ұжым ретінде қызметін жалғастырған серіктестіктің 5 жылдық даму стратегиясы іске қосылды. Бүгін осы стратегияның шеңберінде жаңадан бой көтеретін нысанның алғашқы іргетасы қаланбақ. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын»-деді өз сөзінде серіктестік басшысы.

Аталмыш мерекемен одан әрі қала әкімі М.О.Ибағаров пен «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директоры Е.О.Өтеев құттықтап, жаңа ғимарат қала халқына қызмет етіп, болашақ ұрпақ кәдесіне жарасын деген тілектерін білдірді.

JAKO3671

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ атынан арнайы келген А.К.Шаненова  «Осындай маңызды күнді ерекше күттік. Бүгінгідей кішігірім болса да, үлкен игі істің бастамасы болған мерекеміз құтты болсын»,-деп сөзін бастап,   «ӨзенМұнайСервис» ЖШ серіктестігіне үлкен әрі заманауи талаптарға сай, қауіпсіздік деңгейі өте жоғары өндірістік қамту базасы қажет екендігі осыған дейін бірнеше рет жиындарда мәселе ретінде көтерілгендігін  айта келе, іргетасы қалана бастаған ғимарат мамандардың сапалы қызмет жасап, жоғары деңгейде өндірістік мәдениет және үздік еңбек үлгісін қалыптастыратынына септігін тигізетіндігіне сенім білдіріп, амандықпен нысанды іске қосу шарасында бас қосайық деген лебізін жолдады.

Салтанатты шараның жалғасы одан әрі «Құрбан шалу» рәсімімен жалғасын тапты. Рәсімді серіктестік бас директоры О.Н.Тарғынов атқарды. Бас қосуда еңбек ардагерлері ақ батасын беріп, ардагер-ақын, қажы Қ.Рейімбайұлы өлең жолдарын арнады. Сондай-ақ салтанатты жиын кезінде өнерпаздар тарапынан әсем әндер шырқалып, мың бұралған бишілер би биледі.

JAKO3626

JAKO3748

JAKO3655

Одан әрі шараның құрметті қонақтары жаңа нысанның алғашқы іргетасын қалауға кезекпен атсалысып, жарты ғасырлық ғұмыры бар ішінде ұжым қызметкерлерінің шынайы лебізі жасырылған капсуланы жауып, арнайы қорапқа салды.

JAKO3692

JAKO3687

JAKO3705

JAKO3718

Шара соңында қонақтар мен жиынға қатысушылар мереке құрметіне жайылған ақ дастарханнан дәм татып, тілектестікпен тарқасты.

#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс

 

 

 

 


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»