16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «ӨзенМұнайСервис» ЖШ серіктестігінде қызметкерлер арасында спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды. Сайысқа қатысушылар арқан тарту, футбол, қол күрес және үстел теннисі секілді спорт түрлерінен сынға түсті.
![]()
![]()
Жарыс кезінде қыздар арасында өткізілген үстел теннисінен І орынға М.Бекембаева лайық деп танылса, ал ІІ орынды А.Алдабергенова және ІІІ орынды Н.Рамазанова иемденді.
![]()
Ерлер арасында өткізілген қол күрестен А.Валиханов үздік атанса, ІІ орынға М.Тулеушов, ІІІ орынға И.Джанаев табан тіреді.
![]()
Топтық жарыста арқан тарту бойынша өндірістік қамту базасының командасы І орынды қанжығасына байлап, 3 цех командасы ІІ орын, ҚБӘ командасы ІІІ орын алды.
![]()
Футбол бойынша ең көп ұпаймен 4 цех командасы І орын иеленіп, 1 цех командасы ІІ орын және 3 цех командасы ІІІ орын иегері атанды.
![]()
![]()
Жеңімпаз атанған әріптестерімізді кезекті жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз.
#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс