«Самұрық-Қазына» қорында 2023 жылғы 16 тамызда «Жеті қадам» жас көшбасшыларды дамытудың модульдік бағдарламасының қорытындысы шығарылды. Жобаға «ӨзенМұнайСервис» компаниясынан Қаржаубайұлы Сәбит қатысты.
Әр жұмыс төмендегі өлшемшарттарға сәйкес:
1. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бойынша тираждау, яғни масштабтау мүмкіндігі;
2.Экономикалық жағынан орындылығы (жобаның есептеулері және оның қисынды негіздемесі);
3.ESG қағидаттарын сақтау;
4.Практикалық тұрғыда қолдану.
Іріктеудің бірінші кезеңі өткен жылы қараша айында Түркістанда өткізілді. Жастар форумында арнайы челлендж негізінде 200 қатысушының 49-ы таңдалды. Оларды, өз кезегінде, жеті командаға бөліп, әрқайсысына Президенттік жастар кадрлық резервінің екі тәжірибелі тәлімгері бекітілді. Қазақстанның жеті қаласында 7 оқыту модулі өткізілді.
«Самұрық-Қазына» АҚ-да «Жеті қадам» бағдарламасы жастар саясатын қолдау жөніндегі бағдарламаны іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Қордың және портфельдік компаниялардың жас әрі белсенді қызметкерлерінен болашақ көшбасшылар жасау, оларды басқару құзыреттерін енгізу техникасына үйрету, коммуникативтік дағдыларды, командада жұмыс істей білуді, бюджеттік жоспарлау қағидаттарын түсінуді дамыту мақсатында әзірленді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Ерболат Сәрсенов бағдарламаға ҚМГ атынан қатысқан жеңімпаздарды құттықтады.