Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДІҢ ҚҰПИЯСЫ – БІРЛІКТЕ

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДІҢ ҚҰПИЯСЫ – БІРЛІКТЕ

« Назад

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДІҢ ҚҰПИЯСЫ – БІРЛІКТЕ 25.07.2023 00:00

«ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мамандарына арналған тренинг өткізілді. "Тиімді командалық қарым қатынас" «Ұжымдастар арасындағы тиімді қарым-қатынас» тақырыбында өткізілген жиын серіктестік қабырғасындағы қызметкерлердің бірлігін нығайту және ұжымдық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізіліп отыр. ​Тренингте қатысушыларға тығырықтан шығуға дайындық ретінде түрлі жаттығулар жасатылып, ситуациялық жағдайларды шешуге бағытталған ойындар ойнатылды. Қызметкерлердің ой-өріс деңгейін байқау үшін бірқатар логикалық тапсырмалар беріліп, мамандардың шапшаңдығы бағаланды. Қызметкерлер бірде үлкен шеңбер құрып сынға алынса, енді бірде топқа бөлініп қойылған міндеттемелерді орындады.

Тренинг барысында қатысушылардың ептілігі мен қырағылығы, мұқияттылығы мен байқампаздығы бақылауға алынса, топ мүшелерінің бойындағы ұйымдастырушылық, әріптестерге деген сыйластық, ұжымдағы бірлікті бағалау қабілеттері қадағаланды. ​«ӨзенМұнайСервис» ЖШ серіктестігі мамандарына арналған тренингті Ғани Байғалиұлы, кайдзен тренер жүргізді. Аталмыш тренинг 11-25 шілде аралығында өткізілді . 10 күнге жоспарланған  семинарға  25 адамнан 8 топ қатысты.

6F66884B-B2AC-4407-8D45-080DC75525C1

9C37FFC4-4136-4DDD-9C16-601DB4A72D03

152AEDF4-88AD-4D19-AB64-E01780FF5DAB

8225BCB8-AF61-417A-9DC4-2C7E09B1B722

B02A9ED0-317A-435E-B19D-4564B21ACEAF

#Қазақстан #Маңғыстау #Ақтау #Жаңаөзен #ҚазМұнайГаз #КазМунайГаз #KMGEP #ӨзенМұнайСервис #ОзенМунайСервис #ОМС #ӨМС #Тренинг #Kazakhstan #Mangystau #Zhanaozen

 


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»