ӨзенМұнайСервис" ЖШС Бас директоры Қ. Мыңтұрғанов 2022 жылдың қорытындысы бойынша жұмысшылармен кездесті. Кездесу барысында, Қ. Мыңтұрғанов сөз сөйлеп, 2022 жыл қортындысы бойынша көрсеткіштерге тоқталып өтті, атап айтқанда:
1. Жалпы есептік кезеңдегі кәсіпорынның қызметі туралы;
2. Өндірістік-экономикалық көрсеткіштер туралы;
3. Серіктестіктегі өндірістік күйі туралы;
4. Еңбек тәртібінің күйі туралы;
5. Өндірістік көрсеткіштер туралы;
6. Жұмыс кәсіптерінің қызметкерлерін оқыту, біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау туралы;
7. Әлеуметтік төлемдерді, өтемақылар мен кепілдіктерді ұсыну туралы;
8. Кадрлық мәселелер (персоналды бағалау, кадрлық резервпен жұмысты ұйымдастыру және т.б) туралы;
9. Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер туралы;
10. Ұйымдағы корпоративтік іс-шаралар өткізу туралы;
11. Келіп түскен өтініштер, жеке қабылдаулар туралы хабардар етті.
Кездесу барысында жұмысшылар тарапынан бір қатар сұрақтар қойылды. Сұрақтарға жауап алынып, ұсыныстар қаралды. Өндірістік, еңбектегі қауіпсіздік және әлеуметтік бағыттар бойынша есептерін тыңдалды. Жиналыста «Өндірістік-технологиялық қызмет» бойынша жалпы жылдық жоспардың орындалысы кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша тапсырылған бірқатар жұмыстардың нәтижесі сөз болып, қауіпсіздік шараларының қаншалықты жүзеге асып жатқандығы айтылды. Осы ретте мекеме басшысы Қанағат Нұрымұлы: «Таңертең үйден аман-есен шыққан адам, кешкісін аман-есен үйіне оралуы қажет. Кез келген адам өз өміріне бірінші кезекте «өзі» жауапты. Техника қауіпсіздігін, жұмыс ережесін сақтау және аяқ асты орын алуы мүмкін қауіптің мейлінше алдын алуы керек» деп, - басып айтты. Жиын соңында серіктестік басшысы барлық мамандардан тәртіпті талап ететіндігін айтып, жиналысты қорытындылады.