Өткен аптада «ӨзенМұнайСервис» ЖШ серіктестігінде бөлім басшылары мен шеберлер бас қосқан жиын өткізілді. Серіктестік директоры Қ.Мыңтұрғанов бірқатар бөлімдердің 2019 жылға арналған 11 айлық көрсеткіштерімен танысып, өндірістік, еңбектегі қауіпсіздік және әлеуметтік бағыттар бойынша есептерін тыңдады.
Басқосуда өндірістік-технологиялық қызмет бойынша жалпы жылдық жоспардың орындалысы кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша тапсырылған бірқатар жұмыстардың нәтижесі сөз болып, қауіпсіздік шараларының қаншалықты жүзеге асып жатқандығы айтылды. Осы ретте мекеме басшысы Қанағат Нұрымұлы: «Таңертең үйден аман-есен шыққан адам, кешкісін аман-есен үйіне оралуы қажет. Кез келген адам өз өміріне бірінші кезекте «өзі» жауапты. Техника қауіпсіздігін, жұмыс ережесін сақтау және аяқ асты орын алуы мүмкін қауіптің мейлінше алдын алуы керек» деп, - басып айтты.
Одан әрі әлеуметтік сала бойынша қызметкерлерді медициналық тексеріс, шипажайларға жолдама және мәдени үйшіктерді жөндеу жұмыстары бойынша бірқатар мәселелер сөз болды.
Сонымен қоса, отырыста «Жаңа технологиялар, сапа және тәуекелдерді басқару» және «Қызметкерлерді басқару және еңбекақы төлеу» бөлімінің он бір айлық есептері тыңдалды. Жиын соңында серіктестік басшысы барлық мамандардан тәртіпті талап ететіндігін айтып, жиналысты қорытындылады.
#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс