
"ӨзенМұнайСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Үздік маман-2019" кәсіби шеберлік конкурсы аясында өз ісінің шеберлерін анықтады. Үміткерлер "Үздік бригада", "Үздік ауысым", "Үздік электрогазбен дәнекерлеуші" "Үздік ЭЖҚКжЖ электр жөндеушісі", «Үздік БӨҚжАЖ жөндеушісі», "Үздік темір жонушы", «Үздік машинист» және «Үздік бұрғышы» аталымдары бойынша сынға түсті.
Мамандар 2018 жылдың екінші жарты жылдығы мен 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарған еңбек нәтижесі бойынша бағаланды. "Үздік ауысым" аталымы бойынша бақ сынаған үміткерлердің бір жылдық жұмысымен қатар арнайы жасақталған тест нәтижелері де есепке алынды.
Байқау талаптарына сәйкес конкурстың «Үздік бригада» аталымы бойынша І орынды №17 ӨМС күрделі жөндеу бригадасы иемденсе, ІІ орынға №23 ӨМС күрделі жөндеу бригадасы және ІІІ орынға №24 ӨМС күрделі жөндеу бригадасы лайық деп танылды. Бірінші жартыжылдық көрсеткіштері бойынша «Үздік ауысым» номинациясын №1 цехқа қарасты ӨМС 12-бригададағы М.Қылышбаев ауысымы, №2 цехқа қарасты ӨМС 21-бригадасындағы бұрғышы Ж.Тлеулиевтың ауысымы, №3 цехқа қарасты ӨМС-28 бригадасы С.Тураковтың ауысымы және №4 цехқа қарасты ӨМС 43-бригада бұрғышысы У.Аставбаев бастаған ауысымы жеңімпаз атанды.
Жеке қатысушылардан «Үздік электрогазбен дәнекерлеуші» аталымы бойынша Ж.Нурмуханов үздік атанды. «Үздік машинист» аталымы Н.Басбаев, «Үздік скважиналарды жөндеу шебері» Е.Конхиевтің қанжығасына байланып, «Үздік теміржонушы» номинациясын Б.Беркутов, «Үздік БӨҚжАЖ жөндеушісі» А.Усербаев, "Үздік ЭЖҚКжЖ электр жөндеушісі" Г.Байнуров жеңіп алды. «Үздік бұрғышы» К.Жанызаков атанса, «Үздік бұрғышы көмекшісі» аталымын Н.Утегенов, С.Тугелов, Ш.Мырзабаев сынды мамандар иемденді.
Кәсіби шеберлік конкурсы бойынша үздік деп танылған ауысымдар мен бригадалар, жеке қатысушылар қазіргі таңда Татарстан мемлекетінде халықаралық деңгейде өтіп жатқан «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания акционерлік қоғамына еншілес мекемелер арасында ұйымдастырылатын «Үздік маман-2017» байқауында «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атынан қатысып, өз шеберліктерін ортаға салуда. «ӨзенМұнайСервис» ЖШС басшылығы атынан конкурсқа жолдама алған үміткерлерге шын жүректен сәттілік тілейміз.
#Қазақстан #Маңғыстау #Ақтау #Жаңаөзен #Қазмұнайгаз #Өзенмұнайгаз #Өзенмұнайсервис #Мұнайшы #Мұнай #KMGEP #Казмунайгаз #Озенмунайгаз #Озенмунайсервис #Нефть #Казакстан #Мангистау