Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ «ӨЗЕНМҰНАЙСЕРВИС»-КЕ 50 ЖЫЛ

«ӨЗЕНМҰНАЙСЕРВИС»-КЕ 50 ЖЫЛ

« Назад

«ӨЗЕНМҰНАЙСЕРВИС»-КЕ 50 ЖЫЛ 08.09.2022 00:00

     Тұтас өңірдің ғана емес, алып мемлекетіміздің экономикалық әл-ауқатына тікелей әсер етіп отырған Өзен мұнай алабының ел тарихында алатын орны ерекше. 1960 жылдары бастау алған мұнай өндіру ісінің басы-қасында білікті мамандардың жүруі, олардың қажырлы да табанды еңбегі - атаулы істің бүгінде өнімді өндіріске айналуына  мұрындық болып отыр.

     Өндіріс тірегі саналатын техникаларға өзіндік күтімі мен тиісті қызметтің уақытылы көрсетілуі де аса маңызды. Яғни, дер кезінде майланбаған кішкентай ғана тетіктің ауыр салдарға ұшырататыны да өндіріс мамандарына жасырын емес. Осылай 1972 жылы қабаттардың мұнай өнімділігін арттыру және скважиналарды күрделі жөндеу басқармасының негізі қаланады. Өзен, Жетібай учаскелерінің жұмысына жауапты бөлімнің басшысы болып Ю.Коротинский мен А.Лифаренко тағайындалған. Өзен учаскесінде жұмысын бастаған бөлімге сол кезде маман табу да қиын болатын. Соған қарамастан, өз қатарын білікті мамандармен толықтырған кәсіби нысан 1973 жылы «Маңғышлақ-нефть» өндірістік бірлестігінің құрамында болса, кейін атауы мен құрылымы өзгерсе де негізгі мақсаты өзгермеген ұйым ретінде елу жылдық тарихты артта қалдырып отыр. Ол қазіргі таңда еліміз бойынша сапалы сервистік қызметтік көрсететін компанияның бірі – “ӨзенМұнайСервис” ЖШ серіктестігі. 

   «Елу жылда ел жаңа» демекші, бүгінде скважиналарды күрделі жөндеу цехының негізін қалаған ардагер мұнайшылардың қатары азайған. Алайда, олардың көзін көрген, ізін жалғаған ұрпақтары баршылық. Жарты ғасырлық тарихында мекеме өзіндік мектеп, тағылымды тәжірибе қалыптастырды. Мұнайшылардың алаңсыз, скважиналардың тоқтаусыз жұмыс жасауына жағдай жасады. 

     Осындай атаулы күнде «Мұнайшы» мәдениет үйінде көпшіліктің басын қосқан салтанатты шара ұйымдастырылды. 

       Жиын шымылдығы серіктестік тарихынан сыр шертетін бейнефильмнен бастау алды. Онда ұжым құрылғаннан бері қарай орын алған елеулі оқиғалар мен ерекше жылдар легі баяндалды. Сонан соң Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының актерлері сахналаған әсерлі көрініске ұласты. 

      Мекеме қызметкерлері мен ардагер мұнайшыларды Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Мақсат Ибағаров бастаған азаматтар арнайы келіп құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

- «Өзенмұнайсервис» ұжымын бүгінгі елеулі мерекемен құттықтаймын. Еліміздің экономикалық дамуы мен отандастарымыздың әл-ауқатының жақсаруы сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасы. Мұнай-газ кешені саласының қызметкерлері  барлық саланың дамуына, инфрақұрылымдарды жетілдіруге, Қазақстанның өндірістік-өнеркәсіптік базасын жаңғыртуға барынша үлес қосып келеді, - деді. Ал, қала әкімі А.Қосуақов атқарушы органдармен жасалынған келісімдердің мүлтіксіз орындалып, мекеменің өңірдің әлеуметтік ахуалына да ерекше қамқорлық танытып келе жатқандығына тоқталды. – «Өзенмұнайсервис» ұжымы елу жыл ішінде қыруар жұмыс атқарды. Ел басына күн туып, бүкіл әлем коронавирус инфекциясымен күреске жұмылған кезде қаладағы медициналық нысандарға қолдау көрсетті. Атап айтсақ, орталық көпбейінді аурухананың терапия корпусының материалдық-техникалық базасын нығайтуға атсалысты, - деп, мұнайшылардың отбасыларына амандық, дендеріне саулық, елімізге тыныштық тіледі.

    Сонымен қатар қала әкімі осы салада табысты қызмет етіп келе жатқан бірқатар мұнайшыларды арнайы алғыс хатпен марапаттап, ілтипатын білдірді.

    Бүгінде 1380-ге тарта мұнайшы қызмет жасайтын ұжымның экономикалық, әлеуметтік, рухани саланың барлығында ықпалы зор. Ұжым қаржылай болсын, техникасымен болсын, тіпті мекеме қызметкерлерінің ауызбіршілігімен талай ізгілікті істің жанашыры, бастамашысына айналған. Тәжірибе сабақтастығы қалыптасқан ұжым мерекесінде елу жылдық естелік төс белгілері де өз иелерін тапты. Ардагер мұнайшылар бастаған еңбекте озат, қадамы қарышты жас мамандар да мерейтой төріне шақырылып, мерекелік төсбелгілермен марапатталды.

    Елу жыл жөндеу саласында қызмет етіп келе жатқан кәсіби мамандарды арнайы құттықтай келген «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Мақсат Оңғарбайұлы мекеменің тарихына тоқтала келіп, атқарылған істің ауқымын атап, алда тұрған міндеттердің маңызын сөз етті. Ал, «Өзенмұнайсервис» серіктестігінің бас директоры Қанағат Мыңтұрғанов мұнайшыларды атаулы күнмен құттықтап, алдағы жұмыс барысына сәттілік тіледі. «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы ұлттық компаниясының мұнай кәсіпшілігі және көмір-сутегі ресурстарын пайдалану   департаментінің директоры Асхат Дүйсалиев бастаған бірқатар қонақтар ізгі лебіздерін білдіріп, мұнайшыларға марапаттарын табыстады.

    Мерекелік шарада мекеменің жұмыс бастауында тұрған Алексей Лифаренко да ортаға шақырылып, медаль табысталып, арнайы сыйлықпен марапатталды.

    Мерейтойға орай ұйымдастырылған салтанатты шарада өлкемізге белгілі өнерпаздар өнер көрсетті. Бірі әсем ән шырқап, би билеп, бірі жырымен көрерменнің ықыласына бөленді. 

    «Мұнайшылар» мәдениет үйінде басталған мерекелік шара мерекелік дастарханға ұласып, марапаттар легі жалғасты. 

7FCAECB7-7C4D-4F59-B82D-FFBC2E22ADAF 625D3273-6B9B-4682-AD7C-1B0FA3E4873D

79D22C8F-CEBF-4628-9A51-A41B05134C86 FF288CF4-6519-44B3-884E-251892516C35

0CFE94F4-C7AA-4968-BEAD-DD3AEEF0BD92 622A1EC6-F6C7-4DCE-B4DC-3349CFBD3EDD

5F2372DB-1F42-4122-9D9A-5EA9413D193D 2AF7F9DF-3775-43DE-9F49-9383F74CD115

7D34267F-DCDE-4873-8847-287A1FFE14D5 312B1393-193C-4192-858E-CA584E15A870

A877CD09-43C8-4385-A2FC-816099EAA9BA F2776EA9-0AF5-4116-8BDF-426940AB7C11 63D2F04E-AC25-45AC-8289-F9726E2BE1CC

CA13AB08-6709-4304-9595-17670CC6EFC1 C544BA1A-BFF8-49AE-AE21-A7B13BAEB807

 

30CA6E27-FD0B-44C9-9BF0-80B9BC197ECB 

48F2BE53-1766-4523-BBCA-35A41A63F0BF E408E748-7025-41EB-AFF4-BB1655C290DF

3BFFC2BB-B79E-40A4-B802-D0C0646EE350 E9C5C186-A87D-4A50-9DBB-8C9B4B5D4F08 

C1ABB2DA-643E-41AB-BCD7-FD98D879F5FE

5AC05515-CB9A-4169-BCB7-A1A1073C8E47  4DFFF8E9-8A20-4615-9AD0-86E063256861

AA7D72DB-76BA-42A6-B448-AD901C2AA67D

09B145C2-02F4-4C82-9705-27ECDBDB8838 9F298AD8-0800-4DBB-9C55-88BD7A7012A6 

4D7A97AC-FA62-43CB-9704-6EDD455C1A9C 910983F9-5ADE-457F-BAB2-CB36849166F7Э

1C49474F-95C1-4681-B5F3-41778A6A6468 07EB99CA-538B-43DD-8171-BB29A638C05A

07EB99CA-538B-43DD-8171-BB29A638C05A 5C4DCF4B-7C23-4B35-A341-17C2C541220D

69923862-4C51-4A08-8889-2CAF6E2C5CC1

DD2067CA-06DE-4AA3-9BAC-5D73E6C7024A AAF9623F-FF08-464D-9593-F9357AF793DF

23062F87-0BF8-4C75-953E-1CF8D86E677E 394E7EAC-196B-4CD1-9FFC-67A90CBB6B7D

EBF845B0-C03B-45F1-A6B0-0289E7459CDC

D494C253-07BA-4D9A-9A00-A476E99455F4

 

 


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»