
"ӨзенМұнайСервис" ЖШС Бас директоры Қ. Мыңтұрғанов 2019жыл қорытындысы бойынша жұмысшыларсен кездесті.
Кездесу барысында, Серіктестіктің бас директоры сөз сөйлеп, 2019 жыл қортындысы бойынша көрсеткіштерімізге тоқталып өтті, атап айтқанда:
1. Жалпы есептік кезеңдегі кәсіпорынның қызметі туралы;
2. Өндірістік-экономикалық көрсеткіштер туралы;
3. Инвестициялық жоспарлар туралы;
4. Серіктестіктегі өндірістік күйі туралы;
5. Еңбек тәртібінің күйі туралы;
6. Оң нәтижелері бар қызметкерлер туралы;
7. Серіктестіктегі өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіби аурулар туралы;
8. Өндірістік көрсеткіштерді орындау үшін сыйақы төлеу туралы;
9. Жұмыс кәсіптерінің қызметкерлерін оқыту, біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау туралы;
10. Әлеуметтік төлемдерді, өтемақылар мен кепілдіктерді ұсыну туралы;
11. Кадрлық мәселелер (персоналды бағалау, кадрлық резервпен жұмысты ұйымдастыру және т.б) туралы;
12. Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер туралы;
13. Ұйымда корпоративтік іс-шаралар өткізу туралы;
14. Келіп түскен мәселелер, өткізілген кездесулер, жеке кабылдаулар туралы және келіп түскен мәселелерді шешу барысы туралы хабардар етті.
Кездесу барысында жұмысшылар тарапынан бір қатар сұрақтар қойылды. Бірқатар сұрақтарға жауап алынып, ұсыныстар қаралды.