ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

«ӨзенМұнайСервис» ЖШС-нің әлеуметтік қолдауы

Серіктестікте әрбір жұмысшыға Ұжымдық шарт бойынша әлеуметтік қолдау көрсетіледі, атап айтсақ:

Серіктестік өз қаражатының есебінен төмендегілерді қамтамасыз етеді:

- еңбек процесін мұнай кәсіпшіліктерінде жүзеге асыратын Жұмыскерлер мен өнеркәсіптік аймақта жұмыс істейтін жұмысшыларды ыстық түскі аспен;

- жұмыс күнінің (жұмыс ауысымының) ұзақтығы 12 сағат болатын Жұмыскерлерді бір мезгілдік тамақпен немесе құрғақ азықпен, сондай-ақ ауыз сумен;

- еңбек процесін тамақтану пункттерінен алыста жүзеге асыратын Жұмыскерлерді термостық ыстық тағаммен қамтамасыз етеді.

- Жұмыс беруші Жұмыскерлерге өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген әлеуметтік жәрдемақы мен оған қосымша төлемді қамтитын уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша жәрдемақы төлеуді жүргізеді.

- 3 жылға дейінгі жұмыс өтілі кезінде - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытша еңбекке жарамсыздығы күніне бара-бар есептелген;

- 3 жылдан 5 жылға дейінгі жұмыс өтілі кезінде - жалақысының тұрақты бөлігінен 50 %, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген айлық мөлшерден төмен емес, уақытша еңбекке жарамсыздығы күніне бара-бар есептелген;

- 5 жылдан 8 жылға дейінгі жұмыс өтілі кезінде - жалақысының тұрақты бөлігінен 75 %, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген айлық мөлшерден төмен емес, уақытша еңбекке жарамсыздығы күніне бара-бар есептелген;

- 8 жылдан артық жұмыс өтілі кезінде - жалақысының тұрақты бөлігінен 100 %, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген айлық мөлшерден төмен емес, уақытша еңбекке жарамсыздығы күніне бара-бар есептелген мөлшерде төленеді.

Еңбек тәртібін күшейту және ынталандыру мақсатында, Жұмыс беруші, күнтізбелік

жылдың ішінде еңбекке жарамсыздығы бойынша жұмыстан қалмаған және қызметтік міндеттерін атқарған Жұмыскерлерге, салықты есептеместен, тиісті қаржы жылына белгіленген 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай сыйақы береді.

-         Жұмыс беруші Қоғамның бюджетінде көзделген қаражаттың есебінен мынадайжағдайларда материалдық көмек көрсетеді:

 

Жұмыскердің отбасына, Жұмыскердің жерлеуін ұйымдастыру үшін

салықтарды есептеместен тиісті қаржы жылына белгіленген жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

- Жұмыскердің жақын туыстарының (жұбайы/зайыбы, балалары, ата-аналары) жерлеуін ұйымдастыру үшін, Жұмыскердің өтінішінің негізінде, салықтарды есептеместен тиісті қаржы жылына белгіленген елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

-         Жұмыс беруші Жұмыскерді және жақын туыстарының жерлеуін ұйымдастыруға автокөлік бөледі;

-                     өндіріске байланысты жазатайым жағдайдың нәтижесінде қайтыс болғанЖұмыскердің отбасына (жұбайы, балалары) салықты есептеместен тиісті қаржыжылына белгіленген 1000 (мың) айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде бір жолғы төлем төлейді;

-                     еңбек міндеттерін орындау кезінде денсаулығының күрт төмендеуіне байланысты жұмыс орнында және жұмыс уақытында қайтыс болған Жұмыскердің отбасына салықты есептеместен тиісті қаржы жылына белгіленген 180 (бір жүз сексен) айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде біржолғы төлем төлейді;

-                      мүгедектік белгіленуіне байланысты, сонымен бірге өндірістегі жазатайымжағдайдың нәтижесінде, Жұмыскермен еңбек қатынастарын бұзу кезінде, салықты есептеместен тиісті қаржы жылына белгіленген 180 (бір жүз сексен) айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде біржолғы төлем төлейді.

-                     әйелдер 50 және 55 жасқа толған кезде тиісінше, салықты есептеместен тиісті қаржыжылына белгіленген елу және елу бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

-                      ер адамдар 50 және 60 жасқа толған кезде тиісінше, салықты есептеместен тиісті қаржы жылына белгіленген елу және алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

-                      бала туылған кезде елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал екі не одан көпбала туылған кезде сәйкесінше әр балаға жеке материалдық көмек төленеді. Егер ата-аналарының екеуі де Қоғамның Жұмыскерлері болып табылатын болса, бала туылуына байланысты материалдық көмек олардың біреуіне ғана төленеді;

           - Жұмыскердің 6-17 жасты қоса есептегенде  төрт немесе одан артық балалары болған жағдайда 1 қыркүйек Білім күніне орай әр балаға салықты есептеместен 6  айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде;

       - Жыл сайын Отан қорғаушылар күніне орай ауған соғысына, тәжік-ауғаншекарасындағы соғыс іс-қимылдарынақатысушыларға, Чернобыль АЭС апатының зардаптарын жоюға қатысушыларға, сонымен бірге Семей сынақ ядролық полигонында ядролық сынақтардың нәтижесінде зақымданушыларға, ұсынылған растаушы құжаттардың негізінде салықты есептеместен тиісті қаржы жылына белгіленген елу айлық есептік көрсеткіш   мөлшерінде біржолғы төлем төлейді.

             -  Жыл сайын мүгедектер күніне орай мүгедек балалары бар, сонымен қатар 1-ші және 2-ші топтағы мүгедек жұбайы/зайыбы бар Жұмыскерлерге салықты есептеместен тиісті қаржы жылына белгіленген елу айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде бір жолғы төлем төлейді. Егер мүгедек баланың ата-анасының екеуі де Қоғаммен еңбек қатынастарында болса, материалдық көмек олардың біреуіне ғана төленеді.

        - Жыл сайын мүгедектер күніне орай 3-топтағы мүгедек Жұмыскерлерге салықтыесептеместен тиісті қаржы жылына белгіленген отыз айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде біржолғы төлем төленеді.

Жыл сайын 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай Серіктестікпен еңбекқатынастарындағы әйел жұмыскерлеріне салықты есептеместен тиісті қаржы жылына белгіленген жиырма айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде біржолғы төлем төлейді.

Жұмыскер зейнет жасына жеткен кезде (ер адамдар – 63 жасқа, әйелдер – 58 жасқа толғанда) және тараптардың келісімі бойынша Жұмыскер зейнет жасына келген кезден бастап, үш айдың ішінде олармен еңбек қатынастарын бұзған кезде Серіктестік  келесі мөлшерде мұнайгаз кешеніндегі еңбек өтіліне қарай біржолғы төлем төлейді:

- 10 жылдан 20 жылға дейін – жалақысының бір жарым айлық тұрақты бөлігі;

-  20 жылдан 30 жылға дейін - жалақысының екі жарым айлық тұрақты бөлігі;

- 30 жылдан астам - жалақысының үш жарым айлық тұрақты бөлігі;

Ай сайын баланы (балаларды) күтуге байланысты жалақысы сақталмайтын демалыстағы Жұмыскерлерге бір балаға есептегенде бала (балалар) бір жарым жасқа толғанға дейін салықтар есептелместен тиісті қаржы жылына белгіленген жиырма айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде материалдық көмек төленеді.                 

Тараптардың келісімі бойынша әйелдер үшін 55 жасқа және ерлер үшін 60 жасқа толған Жұмыскерлермен еңбек шарты бұзылған кезде Серіктестік, олар зейнеткерлік жасқа толғанға дейін Жұмыс берушінің актісімен белгіленген жәрдемақы төлейді.

Серіктестіктің  Жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету шығындары Қоғамның бюджетінде қарастырылған қаржының шегінде Жұмыс беруші сақтандыру ұйымдарымен  ерікті медициналық сақтандыру  шарттары немесе медициналық ұйымдармен келісімдер негізінде жүргізіледі.

Жұмыс беруші жыл сайын Жұмыскерге кезекті еңбек демалысын беру кезінде тиісті қаржылық жылға белгіленген 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал Серіктестік  Жұмыскердің демалысы үшін қарастырған бюджеттік қаражат шегінде  күнтізбелік жылы жалпы ұзақтығы 10 (он) тәулікке дейін «Кендірлі» демалыс аймағына жолдама құнының 70 пайызын төлейді. Бұл ретте салықтар есептеу мен төлеу Серіктестіктің  есебінен жүргізіледі.

Жыл сайынғы профилактикалық тексеру нәтижелері бойынша емдеу және сауықтыру шаралары «Кендірлі» медициналық-сауықтыру орталығында емдеу және сауықтыру курсынан өтеді. Бұл ретте салықтарды есептеу мен төлеу Қоғамның есебінен жүргізіледі.

Серіктестік балаларының сауықтыру лагерлерінде 7 жастан 13 жасты қоса есептегенде балалардың демалысын ұйымдастыру кезінде Қоғам жолдама құнының 100 % төлейді.

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ПОРТАЛ Сатып алулар туралы ақпаратты орналастыруға арналған
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы