
Жаңаөзен қаласына жауын-шашынның көп мөлшерде жаууына байланысты кей шағын аудан, тұрғын үйлерді су басып немесе жиналған су шамадан тыс көп жиналып жатыр. Қазіргі уақытты тиісті мекемелер жұмыс жасап жатыр. Апат айтып келмейді, осы ретте "ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігі де қалыс қалмай, көмек қолын созуда.

Бүгін Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні қарсаңында "ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінің бас директоры Қанағат Мыңтұрғанов пен бір топ мамандар тыл ардагерлерін мерекемен құттықтады.

СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
"ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінің өндірістік қамту базасының қызметкерлері сенбілік ұйымдастырды. Олар өздері еңбек ететін нысан айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді. Қоқыстардан құтылып, орындық, есік секілді заттарды жаңалап бояды. Нысанға тиесілі ағаштарға күтім жасап, түптертін ағартты. Игі шара алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіліп отырады.

"ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінде әз-Наурыз мерекесі қарсаңында сапалы еңбек үлгісін көрсеткен мамандар марапатқа ие болды.

"ӨзенМұнайСервис" ЖШС мамандары 14 наурыз - Амал мерекесін ұжыммен атап өтті. Басшылық құрам таңертеңмен ауысым қызметкерлері жұмысқа кету үшін жиналатын автобекетке барып, олардың қызметіне сәттілік тіледі.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойы қарсаңында "ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінде мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиында еңбекте үздік нәтиже көрсеткен мамандар алғыс хатқа ие болып, бірқатарына мерекелік төсбелгілер тағылды.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінің қызметкерлері арасында спорттық шаралар өткізіліп жатыр. 10-11 желтоқсан күндері ерлер арасында арқан тарту, гір тасын көтеру, шағын футболдан жарыстар ұйымдастырылды.

"ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінде екпе алу жөнінде түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бекітілген кестеге сәйкес "ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінде кезекті екпе алу жөнінде түсіндірме шарасы өтті. Бұл жолы "Neiron" медициналық орталығының дәрігерлері #11 скважиналарды күрделі жөндеу бригадасының қызметкерлерімен жүздесті.

Бекітілген кестеге сәйкес "ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігіндегі #10 скважиналарды күрделі жөндеу бригадасында "Neiron" медициналық орталығының дәрігерлерімен кездесу өтті.

«ӨзенМұнайСервис» ЖШ серіктестігінде коронавирусқа қарсы егу бойынша түсіндірме жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. «Neiron» медициналық орталығының мамандарынан құралған шағын топ кезекті серіктестік бригадаларына арнайы барып, шара өткізді.

Бүкіл әлемді жайлаған COVID-19 вирусын бақылауға алу вакциналардың көмегімен ғана мүмкін.

«ӨзенМұнайСервис» ЖШС қабырғасында орталық инженерлік техникалық қызмет мамандарына екпе алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

"ӨзенМұнайСервис" ЖШС қызметкерлері арасында екпе алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Оған арнайы тағайындалған серіктестік және медициналық орындардың мамандары шақырылуда. Кезекті шараға Маңғыстау облыстық СЭС басшысының орынбасары Г.У. Куркембаева, Жаңаөзен қалалық СЭС басшысы К.К. Есмурзаева және NEIRON MED медициналық орталығының дарігерлері қатысты. Жиында екпенің маңыздылығы жайында сөз болды. Дәрігерлер екпе ұжымдық иммунитет қалыптастырушы ең тиімді құралдың бірі екендігін кеңінен айтты.

"ӨзенМұнайСервис" ЖШС-ның намысын қорғап жүрген футбол командасы облыстық деңгейде өткен чемпионатта үздік деп танылды.

"ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінде тағы бір азамат еңбек ардагері атанып, зейнет демалысына жолдама алды.

2020 жылы Жаңаөзенде ашылған "Балақай" оңалту орталығы бүгін де қала бойынша тіркеуде тұрған 1000-нан астам баланың игілігіне орай сәтті жұмысын жалғастыруда.

"ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігі "1 қазан - Қарттар күні" мерекесіне орай еңбек ардагерлерінің құрметіне ақ дастархан жайып, басқосу ұйымдастырды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның басқарма төрағасы А. Айдарбаевтың 21.09.2021ж. шыққан №101-13/6330-шы хатын негізге ала отырып, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру, жетілдіру, сондай-ақ басқару органдар күштері мен құралдарын даярлау мақсатында 2021 жылдың қазан айының 8-ші жұлдызы күні «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-нің әкімшілік ғимаратының аумағында кезектен тыс өртке қарсы тактикалық оқу-жаттығу жоғарғы деңгейде өткізілді.

"ӨзенМұнайСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкері С.Сапақов 63 жасқа толып, зейнет жасына шықты.
Страницы: 1 [ 2 ] [ 3 ] [ 4 ] [ 5 ] [ 6 ] [ 7 ] [ 8 ] [ 9 ] [ 10 ]