«ӨзенМұнайСервис» ЖШС-гі үшін жұмысшылардың балаларының демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытындағы балалардың толық демалуларына, өзін –өзі танып білуіне, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, балалардың өзін — өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамуға, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық, спорт, саяхат пен өлкетану және басқа да танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатында жұмысшылардың балаларына жазғы балалар лагеріне жолдамалар алынды.
2019 жылы 720 жолдама алынып, балалар Көкшетау маңындағы, «Балдаурен» балалар лагерінде, Алматы маңындағы «Айналайын», балалар лагерінде, Кендірлі маңындағы «Ақ бөбек» лагерінде, Шымкент маңындағы «Машат-Арасан» балалар лагерінде демалды. Жазғы лагерь – бұл кішкентай өмір, балалардың жақсы тынығып, денсаулықтарының нығайып, нағыз ой мен бойының өсіп, кемеледенетін шағы. Серіктестік үшін балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады.