"ӨзенМұнайСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бойынша жыл сайын "Үздік маман" кәсіби шеберлік конкурсы өтеді. Конкурста Серіктестікте бар мамандықтар, атап айтқанда скважиналарды күрделі жөндеу бригадасы, жүргізуші, электргазбендәнекерлеуші және темір жонушы және т.б. мамандықтар бойынша Серіктестік қызметкерлері сынға түсе алады.
Сонымен қатар әр 6 ай сайын "Үздік бригада", "Үздік ауысым"аталымдары бойынша скважиналарды күрделі жөндеу бригадалары сынға түседі.
Кәсіби шеберлік конкурсы бойынша үздік деп танылған қатысушылар «ҚазМұнайГаз» ҰК акционерлік қоғамына еншілес мекемелер арасында өтетін «Үздік маман» байқауында «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің намысын қорғап отырады.