ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

«ӨзенМұнайСервис» ЖШС-нің әлеуметтік қолдауы

Серіктестікте әрбір жұмысшыға Ұжымдық шарт бойынша әлеуметтік қолдау көрсетіледі, атап айтсақ:

Серіктестік өз қаражатының есебінен төмендегілерді қамтамасыз етеді:

- Еңбек процесін мұнай кәсіпшіліктерінде жүзеге асыратын Жұмыскерлер мен өнеркәсіптік аймақта жұмыс істейтін жұмысшыларды ыстық түскі аспен қамтамасыз етеді;

- Жұмыс күнінің (жұмыс ауысымының) ұзақтығы 12 сағат болатын Жұмыскерлерді бір мезгілдік тамақпен немесе құрғақ азықпен, сондай-ақ ауыз сумен қамтамасыз етеді;

- Еңбек процесін тамақтану пункттерінен алыста жүзеге асыратын Жұмыскерлерді термостық ыстық тағаммен қамтамасыз етеді;

- Жұмыс беруші Жұмыскерлерге өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген әлеуметтік жәрдемақы мен оған қосымша төлемді қамтитын уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша жәрдемақы төлеуді жүргізеді;

- Еңбек тәртібін күшейту және ынталандыру мақсатында, Жұмыс беруші, күнтізбелік жылдың ішінде еңбекке жарамсыздығы бойынша жұмыстан қалмаған және қызметтік міндеттерін атқарған Жұмыскерлерге, салықты есептеместен, тиісті қаржы жылына белгіленген 15 (он бес) АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы береді;

- Жұмыс беруші Серіктестіктің бюджетінде көзделген қаражаттың есебінен мынадайжағдайларда материалдық көмек көрсетеді:

 Серіктестік жұмысшысы қайтыс болғанда жерлеу жұмыстарына салықтарды есептемегенде тиісті қаржы жылына белгіленген 125 (жүз жиырма бес) АЕК мөлшерінде көмек көрсетіледі;

- Жұмыскердің жақын туыстарының (жұбайы/зайыбы, балалары, ата-аналары) жерлеуін ұйымдастыру үшін, Жұмыскердің өтінішінің негізінде, салықтарды есептеместен тиісті қаржы жылына белгіленген 65 (алпыс бес) АЕК мөлшерінде көмек көрсетіледі;

- Жұмыс беруші Жұмыскерді және жақын туыстарының жерлеуін ұйымдастыруға автокөлік бөледі;

-  Өндіріске байланысты жазатайым жағдайдың нәтижесінде қайтыс болған Жұмыскердің отбасына (жұбайы, балалары) салықты есептеместен тиісті қаржыжылына белгіленген 1000 (мың) айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде бір жолғы төлем төлейді;

-Өндіріске байланысты жазатайым оқиға салдарынан нәтижесінде қайтыс болған жұмыскердің атына рәсімделген тұтынушылық немесе ипотекалық несиесі болған жағдайда жұмыс беруші өз қаражаты есебінен несиесін өтеп беру (жұмыскердің атына рәсімделген бірнеше несие болған жағдайда сомасы ең көбі өтеледі);

- Өндіріспен байланысты емес жағдайларда қайтыс болған қызметкердің отбасына тиісті қаржы 220 (екі жүз жиырма мың) мөлшерінде салықтарды есепке алмай біржолғы төлем жүргізіледі. Қайтыс болған қызметкердің отбасына 7 000 000 (жеті миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде ресімделген тұтынушылық не ипотекалық қарыздар (кредит) өтеледі ;

Әйелдер 50 жасқа толған кезде, 50 (елу) АЕК мөлшерінде, және 55 жасқа толған кезде, тиісінше салықтарды есепке алмағанда, тиісті қаржы жылына белгіленген 70 (жетпіс) АЕК мөлшерінде көмек төленеді;

Ерлер 50 жасқа толған кезде, 50 (елу) АЕК мөлшерінде, 60 жасқа толған кезде тиісінше салықтарды есепке алмай, тиісті қаржы жылына белгіленген 75 (жетпіс бес) АЕК мөлшерінде көмек төленеді;

- Бала туылған кезде 50 (елу) АЕК мөлшерінде, ал екі не одан көпбала туылған кезде сәйкесінше әр балаға жеке материалдық көмек төленеді. Егер ата-аналарының екеуі де Серіктестіктің Жұмыскерлері болып табылатын болса, бала туылуына байланысты материалдық көмек олардың біреуіне ғана төленеді;

 - Жұмыскердің кәмелеттік жасқа толмаған төрт немесе одан артық балалары болған жағдайда 1 қыркүйек Білім күніне орай мектепте оқитын әр балаға салықтар есептеместен 10 (он) АЕК мөлшерінде көмек төленеді;

 - Жыл сайын Отан қорғаушылар күніне орай қызметкерлерге - Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына бітімгер ретінде қатысқан, сондай-ақ Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан Ауған соғысына, тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына сынақтардың нәтижесінде зақымданушыларға, ұсынылған растаушы құжаттардың негізінде салықты есептеместен тиісті қаржы жылына белгіленген 50 (елу) АЕК мөлшерінде біржолғы төлем төлейді;

 - Жыл сайын мүгедектер күніне орай мүгедек балалары бар, сонымен қатар 1-ші және 2-ші топтағы мүгедек жұбайы/зайыбы бар Жұмыскерлерге салықты есептеместен тиісті қаржы жылына белгіленген 50 (елу) АЕК  мөлшерінде бір жолғы төлем төлейді. Егер мүгедек баланың ата-анасының екеуі де Серіктестікте еңбек қатынастарында болса, материалдық көмек олардың біреуіне ғана төленеді;

 - Жыл сайын мүгедектер күніне орай 2-3 топтағы мүгедек Жұмыскерлерге салықты есептеместен тиісті қаржы жылына белгіленген 30 (отыз) АЕК мөлшерінде біржолғы төлем төленеді;

Жыл сайын 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай Серіктестікпен еңбек қатынастарындағы әйел жұмыскерлеріне салықты есептеместен тиісті қаржы жылына белгіленген 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде біржолғы төлем төлейді;

Жұмыскер зейнет жасына жеткен кезде (ер адамдар – 63 жасқа, әйелдер – ҚР Заңнамасына сәйкес) және тараптардың келісімі бойынша Жұмыскер зейнет жасына келген кезден бастап, үш айдың ішінде олармен еңбек қатынастарын бұзған кезде Серіктестік  келесі мөлшерде мұнайгаз кешеніндегі еңбек өтіліне қарай біржолғы төлем төлейді:

- 10 жылдан 20 жылға дейін – жалақысының бір жарым айлық тұрақты бөлігі;

-  20 жылдан 30 жылға дейін - жалақысының екі жарым айлық тұрақты бөлігі;

- 30 жылдан 40 жылға дейін - жалақысының үш жарым айлық тұрақты бөлігі;

- 40 жылдан астам - жалақысының төрт жарым айлық тұрақты бөлігі;

Ай сайын Бала (балалар) күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлерге бір балаға шаққандағы салық есебінен тиісті қаржы жылына белгіленген 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек төленеді. Егіз, үшем және одан да көп бала туған кезде материалдық көмек бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін әрбір балаға жеке төленеді.                

Серіктестіктің  Жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету шығындары Серіктестіктің бюджетінде қарастырылған қаржының шегінде негізінде жүргізіледі;

Жыл сайынғы профилактикалық тексеру нәтижелері бойынша емдеу және сауықтыру шаралары «Кендірлі» медициналық-сауықтыру орталығында емдеу және сауықтыру курсынан өтеді. Бұл ретте салықтарды есептеу мен төлеу Серіктестіктің есебінен жүргізіледі;

-Ұжымдық шартта қарастырылған «Кендірлі» оңалту-сауықтыру орталығына жұмыскерлердің ата анасы және жұбайларына қазан-наурыз айлары аралығында берілетін жолдама құнын қолданыстағы ұжымдық шартта көрсетілген жұмыс берушінің қаражаты есебінен жетпіс пайыз төлеммен "Кендірлі" медициналық-оңалту орталығына жолдама беріледі;

- Заңды некеге алғаш рет отырған жұмыскерге тиісті қаржы жылына  білгіленген 45 (қырық бес) АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленеді;

Серіктестік балаларының сауықтыру лагерлерінде 7 жастан 13 жасты қоса есептегенде балалардың демалысын ұйымдастыру кезінде Қоғам жолдама құнының 100 % төлейді;

- Жұбайының қайтыс болуы себебінен қалған жалғыз басты аналардың қызметкерлеріне жоғары және орта-арнаулы оқу орындарында ақылы негізде оқитын бір баланың оқуына әрбір оқу жылы үшін біржолғы тиісті қаржы жылына белгіленген 100 (жүз) АЕК мөлшерде ақы төленеді. Төлем ұсынылған растайтын құжаттардың негізінде жүргізіледі;

- Жұмыс беруші және Жұмыскерлер өкілдерінен тепе-тең негізде құрылған тиісті комиссия шешімінің негізінде 3 жылға дейінгі мерзімге қайтарымдылық шартымен әрбір Жұмыскерге 7 000 000 (жеті миллион) теңгеге дейінгі мөлшерде ақша қаражатын бөлу арқылы Жұмыскерлерге жылына 15 (он бес) адамға дейінгі мөлшерде тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдемдеседі;

- Жыл сайын «Бұрғышы» күніне орай Жұмыс беруші Серіктестіктің үздік бұрғылаушыларын Құрмет грамотасымен марапаттайды;

Жылда өткізілетін «ҚазМұнайГаз» еншілес мекемелері Мұнайшылар арасында Спорттық сайыс (Спартакиада) 1 орынға - 100 АЕК, 2 орынға – 75 АЕК, 3 орынға – 50 АЕК қосуға;

Серіктестіктің күрделі жөндеу Үздік бригадаға жартыжылдық қорытындысы бойынша – 1орынға – 350 АЕК, 2 орынға - 250 АЕК, 3 орынға 150 АЕК және Үздік бригада жылдық қорытынды бойынша 1 орынға – 400 АЕК, 2 орынға 300 АЕК, 3 орынға – 200 АЕК көтеру;

Серіктестік жұмыскерлеріне жыл қорытындысы бойынша еңбекақы төлеу қаражатының үнемдеу есебінен есептік кезеңде Серіктестік қызметінің оң қаржылық нәтижесі (таза табысы бар немесе жоспарлы шығынның асып кетуіне жол берілмеген) кезінде бір жолғы сыйақы (бонус) берілсін;

- Жыл қорытындысы бойынша қызметкерлерге егер серіктестікте күнтізбелік жыл ішінде жазатайым оқиға болмаған жағдайда, онда жұмыс беруші серіктестіктің ішкі ережелеріне сәйкес салықтарды есептемегенде, тиісті қаржы жылына белгіленген 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай төлем жүргізеді.

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»