16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "ӨзенМұнайСервис" ЖШ Серіктестігінде мерекелік концерт өткізілді. Шарада Жаңаөзен қаласындағы М.Өскінбаев атындағы балалар саз мектебінің өнерпаздары қасиетті домбырадан күй төгілтіп, ел мерейін үстем еткен азаттық жайында ән шырқады.
Елдігіміздің белгісі саналатын қасиетті әнұран шараның шымылдығын түрді. Серіктестік басшылары барша қазақстандықтар мен "ӨзенМұнайСервис" ұжымын тыныштықты аңсаған ата-бабамыздың арман-тілегімен, қайсар руxымен, өр батырлығымен келген Тәуелсіздікдің 27 жылдығымен құттықтап, жүрекжарды тілектерін жолдады.
Жиында еңбек ардагері Қаржаубай Рейімбайұлыда азаттық мерекесімен жиналған қауымды құттықтап, ақ батасын берді.
Ұлтымыздың ұлық мерекесіне орай серіктестіктің бірқатар қызметкерлері "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ы басқарма төреағасы А.С.Айдарбаевтың атынан және "ӨзенМұнайСервис" ЖШС бас директорының м.а. О.Н. Тарғыновтың атынан алғыс xаттар мен құрмет грамоларына ие болды.