«ӨзенМұнайСервис» ЖШС-нің әлеуметтік қолдауы
Серіктестікте әрбір жұмысшыға Ұжымдық шарт бойынша әлеуметтік қолдау көрсетіледі, атап айтсақ:
Серіктестік өз қаражатының есебінен төмендегілерді қамтамасыз етеді:
- еңбек процесін мұнай кәсіпшіліктерінде жүзеге асыратын Жұмыскерлер мен өнеркәсіптік аймақта жұмыс істейтін жұмысшыларды ыстық түскі аспен;
- жұмыс күнінің (жұмыс ауысымының) ұзақтығы 12 сағат болатын Жұмыскерлерді бір мезгілдік тамақпен немесе құрғақ азықпен, сондай-ақ ауыз сумен;
- еңбек процесін тамақтану пункттерінен алыста жүзеге асыратын Жұмыскерлерді термостық ыстық тағаммен қамтамасыз етеді.
- Жұмыс беруші Жұмыскерлерге өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген әлеуметтік жәрдемақы мен оған қосымша төлемді қамтитын уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша жәрдемақы төлеуді жүргізеді.
Еңбек тәртібін күшейту және ынталандыру мақсатында, Жұмыс беруші, күнтізбелік жылдың ішінде еңбекке жарамсыздығы бойынша жұмыстан қалмаған және қызметтік міндеттерін атқарған Жұмыскерлерге, салықты есептеместен, тиісті қаржы жылына белгіленген 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай сыйақы береді.
- Жұмыс беруші Серіктестіктің бюджетінде көзделген қаражаттың есебінен мынадайжағдайларда материалдық көмек көрсетеді:
- Жұмыскердің отбасына, Жұмыскердің жерлеуін ұйымдастыру үшін екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
- Жұмыскердің жақын туыстарының (жұбайы/зайыбы, балалары, ата-аналары) жерлеуін ұйымдастыру үшін, Жұмыскердің өтінішінің негізінде, салықтарды есептеместен тиісті қаржы жылына белгіленген елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
- Жұмыс беруші Жұмыскерді және жақын туыстарының жерлеуін ұйымдастыруға автокөлік бөледі;
- Өндіріске байланысты жазатайым жағдайдың нәтижесінде қайтыс болғанЖұмыскердің отбасына (жұбайы, балалары) салықты есептеместен тиісті қаржыжылына белгіленген 1000 (мың) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы төлем төлейді;
- Өндіріспен байланысты емес жағдайларда қайтыс болған қызметкердің отбасына тиісті қаржы 220 (екі жүз жиырма мың) мөлшерінде салықтарды есепке алмай біржолғы төлем жүргізіледі. Қайтыс болған қызметкердің отбасына 7000 000 (жеті миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде ресімделген тұтынушылық не ипотекалық қарыздар (кредит) өтеледі ;
- Еңбек міндеттерін орындау кезінде денсаулығының күрт төмендеуіне байланысты жұмыс орнында және жұмыс уақытында қайтыс болған Жұмыскердің отбасына салықты есептеместен тиісті қаржы жылына белгіленген 220 (екі жүз жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем төлейді;
- Әйелдер 50 және 55 жасқа толған кезде тиісінше, салықты есептеместен тиісті қаржыжылына белгіленген елу және елу бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
- Ер адамдар 50 және 60 жасқа толған кезде тиісінше, салықты есептеместен тиісті қаржы жылына белгіленген елу және алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
- Бала туылған кезде елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал екі не одан көпбала туылған кезде сәйкесінше әр балаға жеке материалдық көмек төленеді. Егер ата-аналарының екеуі де Серіктестіктің Жұмыскерлері болып табылатын болса, бала туылуына байланысты материалдық көмек олардың біреуіне ғана төленеді;
- Жұмыскердің кәмелеттік жасқа толмаған төрт немесе одан артық балалары болған жағдайда 1 қыркүйек Білім күніне орай мектепте оқитын әр балаға салықтар есептеместен 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
- Жыл сайын Отан қорғаушылар күніне орай қызметкерлерге - Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына бітімгер ретінде қатысқан, сондай-ақ Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан Ауған соғысына, тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына сынақтардың нәтижесінде зақымданушыларға, ұсынылған растаушы құжаттардың негізінде салықты есептеместен тиісті қаржы жылына белгіленген елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем төлейді.
- Жыл сайын мүгедектер күніне орай мүгедек балалары бар, сонымен қатар 1-ші және 2-ші топтағы мүгедек жұбайы/зайыбы бар Жұмыскерлерге салықты есептеместен тиісті қаржы жылына белгіленген елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы төлем төлейді. Егер мүгедек баланың ата-анасының екеуі де Серіктестікте еңбек қатынастарында болса, материалдық көмек олардың біреуіне ғана төленеді.
- Жыл сайын мүгедектер күніне орай 3-топтағы мүгедек Жұмыскерлерге салықтыесептеместен тиісті қаржы жылына белгіленген отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем төленеді.
- Жыл сайын 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай Серіктестікпен еңбекқатынастарындағы әйел жұмыскерлеріне салықты есептеместен тиісті қаржы жылына белгіленген жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем төлейді.
- Жұмыскер зейнет жасына жеткен кезде (ер адамдар – 63 жасқа, әйелдер – 60 жасқа толғанда) және тараптардың келісімі бойынша Жұмыскер зейнет жасына келген кезден бастап, үш айдың ішінде олармен еңбек қатынастарын бұзған кезде Серіктестік келесі мөлшерде мұнайгаз кешеніндегі еңбек өтіліне қарай біржолғы төлем төлейді:
- 10 жылдан 20 жылға дейін – жалақысының бір жарым айлық тұрақты бөлігі;
- 20 жылдан 30 жылға дейін - жалақысының екі жарым айлық тұрақты бөлігі;
- 30 жылдан 40 жылға дейін - жалақысының үш жарым айлық тұрақты бөлігі;
- 40 жылдан астам - жалақысының төрт жарым айлық тұрақты бөлігі;
- Ай сайын баланы (балаларды) күтуге байланысты жалақысы сақталмайтын демалыстағы Жұмыскерлерге бір балаға есептегенде бала (балалар) бір жарым жасқа толғанға дейін салықтар есептелместен тиісті қаржы жылына белгіленген 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде материалдық көмек төленеді.
- Серіктестіктің Жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету шығындары Серіктестіктің бюджетінде қарастырылған қаржының шегінде негізінде жүргізіледі.
- Жыл сайынғы профилактикалық тексеру нәтижелері бойынша емдеу және сауықтыру шаралары «Кендірлі» медициналық-сауықтыру орталығында емдеу және сауықтыру курсынан өтеді. Бұл ретте салықтарды есептеу мен төлеу Серіктестіктің есебінен жүргізіледі.
-Ұжымдық шартта қарастырылған «Кендірлі» оңалту-сауықтыру орталығына жұмыскерлердің ата анасы және жұбайларына қазан-наурыз айлары аралығында берілетін жолдама құнын қолданыстағы ұжымдық шартта көрсетілген жұмыс беруші тарапынан төленетін 30 пайыздың орнына 70 пайызға көтерілді.
- Заңды некеге алғаш рет отырған жұмыскерге тиісті қаржы жылына білгіленген 35 АЕК мөлшерінде біржолға материалдық көмек көрсетіледі.
-Өндіріске байланысты жазатайым оқиға салдарынан нәтижесінде қайтыс болған жұмыскердің атына рәсімделген тұтынушылық немесе ипотекалық несиесі болған жағдайда жұмыс беруші өз қаражаты есебінен несиесін өтеп беру (жұмыскердің атына рәсімделген бірнеше несие болған жағдайда сомасы ең көбі өтеледі).
- Серіктестік балаларының сауықтыру лагерлерінде 7 жастан 13 жасты қоса есептегенде балалардың демалысын ұйымдастыру кезінде Қоғам жолдама құнының 100 % төлейді.
- Жұбайының қайтыс болуы себебінен қалған жалғыз басты аналардың қызметкерлеріне жоғары және орта-арнаулы оқу орындарында ақылы негізде оқитын бір баланың оқуына әрбір оқу жылы үшін" біржолғы"тиісті қаржы жылына белгіленген 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде ақы төленеді".Төлем ұсынылған растайтын құжаттардың негізінде жүргізіледі"