Ұжымдық шарт қабылданды... 15.03.2024 00:00
«ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ, «Жөндеу» ЖШС қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті және «Шаңырақ» жергілікті кәсіподағы арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған Ұжымдық шарт қабылданды.
Жұмыс беруші және Кәсіподақтар комитеті мүшелерінен құрылған комиссияда Ұжымдық шарт жобасы қаралып, құжат бекітілді.
Жаңа ұжымдық шартқа «ӨзенМұнайСервис» ЖШС директоры Қанағат Мыңтұрғанов және Кәсіподақ төрағалары қол қойды.