«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның басқарма төрағасы А. Айдарбаевтың 21.09.2021ж. шыққан №101-13/6330-шы хатын негізге ала отырып, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру, жетілдіру, сондай-ақ басқару органдар күштері мен құралдарын даярлау мақсатында 2021 жылдың қазан айының 8-ші жұлдызы күні «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-нің әкімшілік ғимаратының аумағында кезектен тыс өртке қарсы тактикалық оқу-жаттығу жоғарғы деңгейде өткізілді.
Оқу жаттығу барысында Серіктестікпен келісім-шартқа отырған «Өрт сөндіру қызмет-М» ЖШС-нің мамандары, арнайы өрт сөндіру техникасымен және «Медикер ӨМ» ЖШС-нің жедел жәрдем қызметкерлері қатысып, жоспар бойынша зардап шеккен қызметкерді өрттің арасынан, қауіпсіз жерге эвакуация жасап, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. ![]()
![]()
![]()
Оқу жаттығу барысында Серіктестіктің әкімшілік басқару қызметкерлеріне алғашқы өрт сөндіру құралдарын қалай қолданылатыны туралы практикалық сабақ өткізілді.
![]()
![]()
![]()
![]()