14 наурыз

« Назад

14 наурыз 14.03.2025 00:00

Амал – жылдың басы, табиғаттың жаңарған сәті, әрқайсымыздың өмірімізде жаңа кезеңнің басталуы. Бұл күні қыстан аман-есен шыққан халық бір-бірімен қуана қауышып, құшақтасып көрісіп, татулық пен бірлікті нығайту мақсатында бас қосады. Қазақ халқының дәстүріне сәйкес, Амал мерекесі тек қана жаңа жылдың басы емес, сонымен қатар қоғамның тыныштығы мен бірлігін, ынтымағын ұлықтайтын ерекше күн.

Амал мерекесі Маңғыстау өңірінде ерекше атап өтіледі. Бұл күні Маңғыстаулықтар өткен жылға есеп беріп, жаңа жылға деген үмітпен қолдарына жалау ұстап, бас қосады. “ӨзенМұнайСервис” ЖШС ұжымы да осы айтулы мерекені дәстүрлі түрде атап өтті. Мереке таңғы уақытта басталып, ұжым мүшелері бір-бірімен шат-шадыман қауышып, құшақтасып, көрісіп, тату-тәтті тілектерін білдірді. Көпшілік ұлттық киімдерін киіп, мерекенің сәнін кіргізді.

Бұл күні қызметкерлер арасында ұлттық дәстүрлер ерекше орын алды. Нәзік жандыларымыз дастарханға нан мен ағарған қойып, тәттілермен қоса дәстүрлі тағамдар ұсынды. Барлығы дастархан басында отырып, елдің амандығын, еліміздің тыныштығын тілеп, дұға-тілек оқыды, ақ баталарын берді. Мерекенің мән-мағынасы терең, бірліктің бастауы екені сезіліп тұрды.

“ӨзенМұнайСервис” ЖШС басшылығы да Амал күнінде өз қызметкерлерін құттықтап, олардың еңбегін бағалап, жылы тілектерін жеткізді. Басшылық ұжымның бірігуі мен ынтымағын, сондай-ақ әр қызметкердің қосқан үлесін жоғары бағалады. Бұл сөздер ұжымға жаңа күш пен серпін беріп, алда тұрған биік мақсаттарға жетуге ұмтылдырады. Барлығы мерекелік дастарханнан дәм татып, ағарғаннан ауыз тиді.

 


instagram: @kmgoms / Толық нұсқасы сілтеме бойынша


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»