
2024 жылдың қорытындысы және 2025 жылдың іс-шараларын талқылау!
Жас мамандар кеңесі 2024 жылды табысты аяқтап, көптеген жетістіктерге қол жеткізді! Бұл жылы Ұлықбанов Исатай Сагидуллаевич пен Баубеков Айдын Кенжетаевич үздік ат салушы ретінде Нұрым Ермаганбетовтің алғыс хатымен марапатталды. Марапаттар олардың қажырлы еңбегі мен кәсіпқойлығын айқындайды. 🌟
2025 жылға арналған іс-шараларды талқылау барысында кеңес мүшелері кәсіби даму, жаңа жобалар мен бастамаларға көбірек көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Алдағы уақытта жас мамандардың әлеуетін арттыру, оларды оқыту мен дамыту шараларын ұйымдастыру жоспарлануда. 🔥
Жаңа жылда баршаға табыс, шығармашылық жетістіктер және жаңа мүмкіндіктер тілейміз! 🚀