Қала әкімі Әділбек Дауылбаев 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай бір топ жаңаөзендік белсенді жасты марапаттады.
![]()
![]()
Әділбек Құлынтайұлы қала көлемінде қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, бірқатар игі істерге мұрындық болып жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Сондай-ақ, Маңғыстау өңірінен шыққан тұңғыш кәсіпқой боксшы Уәлихан Бисенқұловты кезекті жеңісімен құттықтап, алдағы жекпе-жектеріне сәттілік тіледі.![]()
![]()
Жиынға арнайы келген Жаңаөзен қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуандық Бекмағанбетов пен қоғамдық кеңес төрағасы Мұса Ходжабеков те жастарға ақыл-кеңестерін айтып, ақ баталарын берді.
![]()
![]()
Қазақта "Елдің қамын ер ойлар" деген аталы сөз бар. Ендеше, қаланың абыройын арттырып, жақсылықтарға себепші болып жүрген барша белсенді жастарға Жаңаөзен қалалық Жастар ресурстық орталығы өз кезегінде ризашылығын білдіреді.
P/s: Ақпарат Жаңаөзен қалалық Жастар ресурстық орталығының әлеуметтік желі инстаграм парақшасынан көшіріп алынды. https://www.instagram.com/p/Bukp-9eBTGG/