Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ Атырауда «KMG Skills» кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Атырауда «KMG Skills» кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

« Назад

Атырауда «KMG Skills» кәсіби шеберлік чемпионаты басталды 12.10.2026 11:00

📍Бүгін Атырау қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобындағы қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға және жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге бағытталған «KMG Skills» кәсіби шеберлік чемпионаты салтанатты түрде ашылды.

📇12–14 қазан аралығында ҚМГ-ның 18 еншілес және тәуелді ұйымынан келген 120 қатысушы өз мамандығы бойынша үздік атану үшін бақ сынайды. Биыл «KMG Skills» чемпионаты екінші рет ұйымдастырылып отыр.

🧰Жарыс 12 мамандық иелері арасында өтеді. Атап айтқанда, мұнай және газ өндіру, қабат қысымын ұстап тұру, мұнайды дайындау, технологиялық қондығылардың операторлары, химиялық талдау зертханашылары, электромонтерлер, электр-газбен дәнекерлеушілер, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика, технологиялық жабдықты жөндеу мен оған қызмет көрсету жөніндегі слесарьлер, компрессорлық қондырғының, технологиялық сорғылардың машинистері, сондай-ақ токарьлер өзара сынға түседі.

Чемпионат бағдарламасы үш кезеңнен тұрады:
🟦қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылуын анықтау;
🟦алғашқы медициналық көмек көрсету;
🟦мамандық бойынша практикалық тапсырмаларды орындау.

🏭Байқау «Ембімұнайгаз» АҚ («Жайықмұнайгаз» МГӨБ), «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС және APEC PetroTechnic жоғары колледжінің алаңдарында өтеді.

✔️Қатысушылардың кәсіби біліктілігін объективті бағалау үшін 40-тан астам тәуелсіз сарапшы тартылды.

✔️«KMG Skills» үздік мамандарды анықтауға, олардың кәсіби дағдыларын одан әрі жетілдіруге және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар чемпионат ҚМГ компаниялар тобының кәсіпорындары арасында тәжірибе алмасуға және кәсіби білімді бөлісуге жағдай жасайды.

📱 ҚазМұнайГаз

4545454545454505,

57450404204010

41000142041

11111101

6535,5,53,3,


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»