
"ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігі балаларға арнап жаңа жылдық шырша мерекесін ұйымдастырды. Түрлі ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен қызыққа толы кеш, сыйлықтар тарту етілген, әдемі тілектер айтылған ғажайып мейрам өткізілді.
Мерекенің көркін қыздырып әр түрлі кейіпке енген балалар өнерпаздардың өнеріне сүйсініп, тақпақ оқып, ән айтып, би биледі. Қол ұстасып, үлкен шеңбер құрып, барлығы бірге шырша жырын шырқады.
4 бөлікке бөлінген әр мерекелік кешке 200-ден астам бүлдіршін шақырылды. 3 күнге созылған шараның соңғы күнінде қаламыздағы мүжәлсіз отбасынан шыққан және мүмкіндігі шектеулі балалар шараның арнайы қонағы ретінде қатыстырылды. Ғажайып шырша мерекесінің алғашқы бөлімінде балаларды "ӨзенМұнайСервис" серіктестігінің бас директоры Қ.Н. Мыңтұрғанов құттықтап, жылы лебізін арнады. Сондай-ақ мерекеге орай балаларға тәттіге толы бокстар мен сыйлықтар үлестірілді.
#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс