
БАЛАЛАР ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬГЕ АТТАНДЫ
“ӨзенМұнайСервис” ЖШС жұмысшыларының балаларының алғашқы легі Алматы қаласына жазғы лагерьге аттанды.
Балалар Алматы қаласындағы таңдаулы демалыс аймағы “Айналайын” лагерінде 2 апта бойы қызықты демалыс өткізетін болады.
Табиғи, құнарлы 5 мезгіл тамақ, жайлы жатын орын, танымдық іс-шаралардан тұратын арнайы бағдарлама шеңберінде лагерь әкімшілігі балалар үшін жұмыс жасайды.
Балаларға қызықты әрі жайлы демалыс тілейміз!