Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ «БАЛАЛАРДЫҢ ДЕМАЛЫСЫН ТИІМДІ ӨТКІЗУГЕ ЖҰМЫСТАНАМЫЗ» - «МАШАТ-АРАСАН» ЛАГЕРІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІ БОЙЫНША ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«БАЛАЛАРДЫҢ ДЕМАЛЫСЫН ТИІМДІ ӨТКІЗУГЕ ЖҰМЫСТАНАМЫЗ» - «МАШАТ-АРАСАН» ЛАГЕРІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІ БОЙЫНША ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

« Назад

«БАЛАЛАРДЫҢ ДЕМАЛЫСЫН ТИІМДІ ӨТКІЗУГЕ ЖҰМЫСТАНАМЫЗ» - «МАШАТ-АРАСАН» ЛАГЕРІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІ БОЙЫНША ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 04.08.2018 18:41

 

 

 

 

2018-07-18 14.56.25

Албаев Нұрғазы Қалмырзаұлы - «Машат-АРАСАН» емдеу-сауықтыру лагері оқу-тәрбие процесі бойынша директордың орынбасары.

Қазіргі 3-лекте 421 бала демалып жатыр. Балалар Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облысы секілді әр өңірден келген – дейді, «Машат-АРАСАН» емдеу-сауықтыру лагері оқу-тәрбие процесі бойынша директордың орынбасары Нұрғазы Қалмырзаұлы

Жас ерекшелктеріне сәйкес 15 топқа бөлініп, жазғы сауықтыру кезеңінде біздің орталығымызда демалып жатыр. Демалыс барысында балаларға жақсы көңіл күй сыйлау үшін біз бірінші күннен бастап демалыстарын өз дәрежесінде ұйымдастырып, қызықты әрі тиімді уақытын өткізу үшін ерекше жұмыстанамыз. Балалардың барлық күні таңертеңгі  1 сағататтық жаттығудан басталады. Одан соң таңғы ас ішу, әр түрлі танымдық үйірмелерга бару, түскі ас ішумен жалғасын тауып, күндізгі уақытта тынығу кезеңіне ұласады. Түс қайта қосымша тамақ мәзірі беріліп, әр түрлі ойындар ойнатылып, кешкі ас ішуге отырады. Күн аяғында балалар көңіл көтеру мақсатында ұйымдастырылатын сауық кешіне қатысып, жатар алдында екінші қосымша тамақтарын ішіп уақытылы ұйқыға кетеді.

WhatsApp Image 2018-06-28 at 19.20.51

Таңертеңгі мезгілде үйірмелер мен түрлі клубтар жұмыс жасайды. Хареография, вокал, актерлық шеберлік, операторлық клуб сынды өнер үйірмелері мен футбол, волейбол, баскетбол, щахмет, теннис, суда жүзу сияқты спорттық үйірмелер қызмет етеді.  

Балалардың біздің орталықта өткізетін 14 күнін  әр түрлі тақырыптарға арнаймыз. Әр легте келген балалар топтасып өздері қалаған тақырыпта фильм түсіріп, өздері актер ретінде рөлдерін сомдап, легтің соңында өткізілетін кинофестивальге қатысып, бақтарын сынайды. Осы секілді сауықтыру кезеңіндегі бір күнімізді өлкетануға арнап, табиғатқа шықсақ, енді бір күнінде тарихымыздан сыр шертетін танымдық ескерткіштерді таныстыру үшін Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи, Қажымұқан секілді ескерткіштері мен мұражайларға серуен жасаймыз.

WhatsApp Image 2018-06-28 at 19.20.56

Қазіргі таңда балалар үшін тәрбиеші, тәлімгерлер, одан бөлек үйірме жетекшілерімен қосқанда 40-тан астам мамандар жұмыс жасайды. Сондай-ақ, балалардың бөлмелері мен жатар орындары да барлық талаптарға сай.  Әр балаға жеке бір адамдық керует, бөлмелерінде кондиционер, санузел толықтай қамтамасыз етілген. Гигиеналық талаптарға сәйкес, балалардың төсек орны жиі ауыстырылып, бөлмелері санитарлық тазалаудан өткізіліп отырады.

Балалардың қызығушылығы мен сұранысына орай кітапханамыз бен кино көретін үлкен залымыз бар.

МАШАТ АРАСАН.Still004

«Машат-АРАСАН» емдеу-сауықтыру орталығы Оңтүстік Қазақстан облысы Кершетас ауылында, Машат шатқалында орналасқан. Екі шатқал арасында тұрғандықтан бұл жердің табиғаты сұлу, ауасы керемет. Бастаулары көп, суы мөлдір.  Бұл жерде  бізден бөлек  21 лагерь бар, біз  16-шы орналасқан сауықтыру орталығымыз. 

Албаев Нұрғазы Қалмырзаұлы - «Машат-АРАСАН» емдеу-сауықтыру лагері оқу-тәрбие процесі бойынша директордың орынбасары.

 

 


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»