"ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінің жас мамандар кеңесінің мүшелері жалғызбасты зейнеткерлер мен қарттардың үйлеріне барып, хәл-жағдайларын білді.
![]()
Ел еріктілерін қолдаған жастар қарияларға азық-түлік, антисептикалық жабдықтар және медициналық маскалар таратты.
![]()
![]()
Аталмыш шара елімізде болып жатқан коронавирус індетінің алдын алу және таралуын болдырмау мақсатында ҚР президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған "Біз біргеміз" акциясын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
![]()