
Маңғыстау облыстық футбол федерациясы мен Qazaqstan Qyzmet Cup ұйымдастыру комитетінің қолдауымен мемлекеттік және басқа да мекеме қызметкерлері арасында өткен футзал турнирінде ӨзенМұнайСервис ЖШС командасы тамаша ойын көрсетіп, чемпион атанды! 🎉⚽
Турнир барысында команда мүшелері жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, шеберліктерін дәлелдеді. Әр матчта олардың жанкештілігі, командалық рухы мен жеңіске деген жігері айқын байқалды.
Бұған қоса, біздің ойыншылар жекелеген номинациялар бойынша да үздік атанып, ерекше шеберліктерін танытты:
🏅 Үздік ойыншы: Нұрқасов Нұрсұлтан
🧤 Үздік қақпашы: Күртікбай Дүйсенғали
⚡ Үздік шабуылшы: Сынабаев Есеркеп
Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында нағыз спорттық атмосфера қалыптасты. Жарысты ұйымдастыруға атсалысқан Маңғыстау облыстық футбол федерациясының президенті мен Qazaqstan Qyzmet Cup ұйымдастыру комитетінің басшысы, ӨзенМұнайСервис ЖШС-нің қызметкерлерді басқару, еңбекақы төлеу және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Н. Ермағанбетовке үлкен алғысын білдірді.
Бұл жеңіс – бүкіл команданың бірлігі мен еңбегінің жемісі! 💪🔥 Алдағы уақытта да жоғары жетістіктерге бірге жетеміз!
🚀 Жеңісті күндеріміз көп болсын!
instagram: @kmgoms / видео сілтеме бойынша