"ӨзенМұнайСервис" ЖШС серіктестігі кезекті мамандарды еңбек демалысына шығарып салды.
Елімізде болып жатқан коронавирусқа орай бекітілген төтенше жағдайға қарамастан серіктестіктің әлеуметтік сала бойынша қызмет ететін мамандары және "Жөндеу" ЖШС Кәсіподақ ұйымының мүшелерімен бірлікте еңбек ардагерлерінің үйіне арнайылап барып, жаңа белесімен құттықтап, ұжым атынан сый-сияпат табыс етті.
Басшылық атынан Н.А.Ермағанбетов ардагерлерді зейнет жасымен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді. Күтпеген жерден есігін соққан қонақтарды қуаныш иелері жарқын жүзбен қарсы алып, мерейін үстем еткен қонақтарға да, өзінің сүйікті ұжымына да ерекше алғыстарын білдірді.
Еңбек ардагерлері Жолдыбай Мынбаев 6-дәрежелі ұсташы болып 46 жыл, 5- дәрежелі жөндеуші дәрежесінде Хаметов Таңатар 42 жыл бойы ұжымда үлгілі еңбек еткен.