
Елдің елдігін, мемлекеттілігін айқындайтын басты құндылықтардың бірі – мемлекеттік рәміздеріміз.
Баршаңызды 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Қазіргі күні еліміз дербес мемлекет бола алатынын әлемдік қоғамдастықтың алдында барлық қырынан айқындады.
Мемлекетіміз қазығын қағып, шекарасын бекіткен тәуелсіз елге айналды.
Мемлекеттік рәміздеріміз – мемлекеттің кешегісін, бүгінін және ертеңін, тартқан көшін елестетумен қатар, болашағына зор сенім ұялататын ұлттық қазынамыз.
Ел азаттығы мәңгілік болсын! Көк байрағымыз әрдайым желбіреп, елтаңбамыз төрінен түспесін! Әнұранымыз бейбіт күнде шарықтап, шырқала берсін!