
ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК: “ӨЗЕНМҰНАЙСЕРВИС” ЖШС ЖҰМЫСШЫЛАРЫ ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНА БАРДЫ.
Құлсары қаласында апат салдарынан орын алған жағдайды реттеу және су тасқынына қарсы әрекет жобаларына қол ұшын созу үшін «ӨзенМұнайСервис” ұжымы атынан бір топ азаматтар мен гуманитарлық көмек жүктелген жүк көліктері шаһарға жеткізіліп, қала тұрғындарына таратылып берілді.
“ӨзенМұнайСервис” компаниясы жұмысшылары мен жергілікті кәсіподақ ұйымдары бірлікте 2 күн қаржылай және материалдық жылу жинады. Олар су тасқынымен күресте көмектесетін қайық, су өткізбейтін арнайы киім, құрылыс жабдықтарын, техникалық құралдар, азық-түлік және шаруашылық тауарлар.
Аталған игі шараға бірауыздан көмек көрсетіп, қолдау білдірген компания жұмысшыларына, кәсіподақ ұйымдарына және жас мамандар кеңесіне зор алғыс білдіреміз.
ЕЛІМІЗ АМАН, ЖҰРТЫМЫЗ ТЫНЫШ БОЛСЫН !!!